Алматы облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы. Индексі 1-1

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-O-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

688751

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Әлеуметтік жұмыс

Қосымша талаптар

бизнес,  басқару  және  құқық

 

 

Функционалды міндеттер

3.1.  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес,  басқарма қарамағындағы  ұйымдардың  басшыларын,  басқарма  қызметкерлерін лауазымға  тағайындайды  және  лауазымынан  босатады,тәртіптік  жаза қолданады және ынталандырады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес,  еңбек  және  қызмет  тәртібін  қолдау  жөніндебасқа  да  ықпал  ету шараларын қолданады; 3.2.  өз  құзыреті  шегіндебасқарма  қарамағындағы  ұйымдары  мен  басқарма қызметкерлеріорындауғаміндетті  болып  табылатын  бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады; 3.3. басқарма қарамағындағы ұйымдар мен басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңының сақталуын жеке жауапкершілігіне алады; 3.4.  өз  құзыреті  шегіндеҚазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес, мемлекеттік  органдар  мен  ұйымдарда  Басқарма  мүддесін  білдіреді  және басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды; 3.5.  белгіленген  тәртіппеноблыстық  басқармадағы  алқа  мәжілісін, кеңестерді,  отырыстарды  шақырады,  облыстағы  халықтыәлеуметтік  қорғау деңгейін жоғарылату мәселелеріне және басқа да іс-шараларға қатысады; 3.6.  облыс  Әкімінің,  Қазақстан  Республикасы  Еңбек  және  халықты әлеуметтік  қорғау  министрлігінің,  басқа  да  жоғарғы  ұйымдардың бұйрықтары,  қаулылары  мен  шешімдерінің,  облыстық  басқарманың  алқа мәжілісінің  бұйрықтары  мен  шешімдерінің  және  аппарат  қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын орындауын бақылайды; 3.7.  басқарманың  жұмыс  регламентін,  қызметкерлердің  лауазымдық нұсқаулықтарын,  басқарма  аппаратына  жұмсалатын  шығын  сметасын, құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін, мемлекеттік сатып алу мен басқа да  қаржылық  құжаттарды  және  басқарма  қарамағындағы  ұйымдардың қаржылық жоспарын, қызметтік құжаттар мен штаттық кестені бекітеді,штат саны шегінде басқару құрылымын өзгерту жөнінде шешім қабылдайды; 3.8.  басқарма  қарамағындағы  ұйымдар  мен  облыстық  басқарманың  кадр әлеуетін  қалыптастыру  жөніндегі  жұмыстардың  ұйымдастырылуын  және қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасауды үйлестіреді; 3.9.  басқарма  жұмысының  негізгі  және  перспективалық  бағыттарын анықтайды,  басқарманың  және  қарамағындағы  ұйымдардың  жұмысын жалпы басшылыққа алуды қамтамасыз етеді; 3.10.  Алматы  облысы  әкімдігінің  жанындағы  қылмыстық  жазасын  өтеген адамдарға  әлеуметтiк  және  өзге  де  көмекті  ұйымдастыру  жөніндегі консультативтік-кеңесші  органның,  мүгедектер  ісі  жөніндегі  облыстық үйлестіру  кеңесінің,  әлеуметтік  әріптестік  пен  әлеуметтік-экономикалық және  еңбек  қатынастарын  реттеу  жөніндегі,  нәтижелі  жұмыспен  қамтуды және  жаппай  кәсіпкерлікті  дамыту  жөніндегі  аймақтық  комиссия отырыстарының өткізілуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді; 3.11.  басқармада  шетелдік  жұмыс  күшін  тарту,шетелдік  жұмыс  күшін тартуға арналған квотаны қалыптастыру,мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызметшілердің  бағалау  қызметітуралы,  және  басқа  да  мәселелер жайлыкомиссия  отырысын  өткізіп  басшылыққа  алады,кадрлық  қамтамасыз ету  мәселелеріне,  әлеуметтік  бағдарламаларды  жоспарлау  және қаржыландыру бөліміне жетекшілік етеді; 3.12.  аумақтарды  дамыту  бағдарламасы  мен  басқа  да  мемлекеттік бағдарламалардың  әлеуметтік  жүйесіндегі  көрсеткіштерінің орындалуына бақылау жасайды; 3.13. облыс Әкімінің қарауына белгіленген тәртіппеноблыстық басқарманың құзыретіне  жататын  мәселелер  бойынша  шешімдердің  жобаларын  табыс етеді; 3.14.  басқарма  қарамағындағы  объектілерге  күрделі  жөндеудің  жобалық-сметалық құжаттамасынбекітеді; 3.15.  басқарма  қызметкерлерінің  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік қызметшілерінің  әдептілік  нормаларын  және  мінез-құлық  қағидаларын сақтауына бақылау жүргізеді; 3.16.  Қазақстан  Республикасының  Еңбек  және  халықты  әлеуметтік  қорғау министрлігімен,  облыстық  маслихатымен,облыс  әкімі  аппаратының басшылығымен, және басқа да жоғары тұрған органдар мен мекемелерімен өзара іс-қимылды ұйымдастырады; 3.17.  облыстық  басқарманың  мемлекеттік  әкімшілік  қызметшілерінің жұмысын  бағалауды,  тағылымдамадан  өтуін,  тәлім  алуын,  оларды даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 3.18.  Қазақстан  Республикасының  заңнамалық  актілеріне  сәйкес, азаматтардың  хаттары  мен  шағымдарын  қарайды  және  жеке  мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 06.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.01.2026 – 12.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87785148854,87474261772