Алматы облысы Құрылыс басқармасының басшысы. Индексі 0-8

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-O-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

688751

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Сәулет және құрылыс
  • Құрылыс

Қосымша талаптар

қалалық құрылыс 

Функционалды міндеттер

3.1.  құрылыстарды,  ғимараттар  мен  құрылыстарды,  инженерлік  және  көлік коммуникацияларын  салу,  кеңейту,  техникалық  қайта  жарақтандыру, жаңғырту,  реконструкциялау,  қалпына  келтіру  және  күрделі  жөндеу, аумақты  абаттандыру  мен  көгалдандыру,  аяқталмаған  объектілер құрылысын  конверсиялау,  объектілерді  кейіннен  кәдеге  жарату  жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және енгізу; 3.2.  Алматы  облысының  құрылыс  кешенін  дамыту  бойынша  нысаналы инвестициялық  бағдарламаларды  енгізу,  бекітілген  бас  жоспарларға  сәйкес құрылыс жобаларын іске асыру; 3.3.  құрылыс  талаптары  бөлігінде  инвестициялық  әзірлемелерді,  жобалау, ғылыми-зерттеу,  сондай-ақ  іздестіру,  құрылыс  және  жөндеу-құрылыс жұмыстарын үйлестіру; 3.4. құрылыс саласында мемлекеттік саясатты жүргізу; 3.5.  Алматы  облысының  аумағында  құрылыс  қызметін  мемлекеттік  реттеу әдістерін әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындау; 3.6.  Қазақстан  Республикасындағы  құрылыс  мәселелері  бойынша Мемлекеттік  нормативтік-құқықтық  актілерді  әзірлеу  және  жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау; 3.7.  облыстың  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  кешенді бағдарламаларын әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау; 3.8.  инфрақұрылым  құрылысы,  тұрғын  үй  саясаты  және  тұрғын  үй құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу; 3.9.  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  бекітетіндерін  қоспағанда, мемлекеттік  қаражат  есебінен  қаржыландырылатын  Алматы  облысының аумағында  салынуға  жататын  объектілер  бойынша  құрылыс  және  өзге  де жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын қарау,келісу және бекіту; 3.10.  облыс  аумағында  орналасқан,  мемлекеттік  қаражат  есебінен қаржыландырылатын  объектілерді  жобалауға  және  салуға  арналған  келісім шарттарды тіркеуге және ресімдеуге қатысу; 3.11.  Қазақстан  Республикасының  кепілдігімен  берілетін  мемлекеттік қаражат және инвестициялық кредиттер, тікелей инвестициялар және басқа да  көздер  есебінен  қаржыландырылатын  құрылыс  құжаттамасын  әзірлеуге және  объектілер  салуға  тендерлер  (конкурстар)  ұйымдастыру  және  өткізу, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуға мониторинг жүргізу; 3.12.  төтенше  дүлей  зілзалалардың  салдарынан  қираған  азаматтық  және тұрғын  үй  мақсатындағы  объектілерді  реконструкциялау  және  күрделі жөндеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; 3.13.аудандық және қалалық облыстық маңызы бар құрылыс органдарының қызметін ұйымдастырушылық және әдіснамалық қамтамасыз ету; 3.14.  құрылысы  аяқталған  тұрғын  үй-азаматтық,  коммуналдық,  Өндірістік мақсаттағы  объектілерді  пайдалануға  қабылдау  жөніндегі  мемлекеттік қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу; 3.15. жобалау мен құрылысқа мердігерлік шарттар жасасу; 3.16. жасалған шарттарға сәйкес тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қаржыландыру; 3.17.  мердігерлермен  жасалған  шарттық  міндеттемелерді  орындауды қамтамасыз ету; 3.18.  салынған  объектілерді  пайдалануға  тапсыру  бойынша  жұмысты ұйымдастыру; 3.19.қайтарымды негізде бөлінген қаражатты есепке алуды және қайтаруды қамтамасыз ету; 3.20. бюджеттік кредиттеуді қамтамасыз ету; 3.21. жеке және заңды тұлғалардың ауызша және жазбаша өтініштерін қарау, құрылыс саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы халықты хабардар ету; 3.22.құрылыстың  барлық  кезеңдерінде  құрылыс  процесіне  Тапсырыс берушінің  техникалық  қадағалауын  және  жобаларды  әзірлеушілердің авторлық қадағалауын ұйымдастыру бойынша функцияларды жүзеге асыру; 3.23. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқармаға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 27.11.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.11.2025 – 02.12.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87474261772, 87785148854