Алматы облысы әкімі аппаратының Құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің бас инспекторы. Индексі ОПРПО-4

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Әскери іс
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Қоғамдық қауіпсіздік

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

3.1. Алматы облысының аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады; 3.2. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі ісқимыл жоспарының орындалуын іске асырады және оны іске асыруға талдау дайындайды; 3.3. 2020-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасын іске асыруға қатысады; 3.4. Халықтың және квазимемлекеттік сектор қызметшілерінің құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізеді; 3.5. Алматы облысында сыбайлас жемқорлық жағдайына талдау және мониторинг дайындайды; 3.6. Өзіне жүктелген міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді; 3.7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдауды қамтамасыз етеді; 3.8. Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасы бойынша іс-шараларды іске асыру жөніндегі құжаттарды дайындайды; 3.9. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 3.10. Жергілікті атқарушы органдардың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуін үйлестіреді және жүргізеді; 3.11. Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі іс-шараларға қатысады; 3.12. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды дайындайды, тиісті жергілікті өкілді және атқарушы органдарға жібереді; 3.13. Жобалық қызметке қатысады және № 4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асырады; 3.14. ЖАО қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша жұмыс топтарына қатысады; 3.15. Барлық мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шолулар, ақпараттар, талдамалық жазбалар дайындайды; 3.16. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз етеді; 3.17. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы және оған қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін лауазымды адамдарды тәртіптік және өзге де жауаптылыққа тарту туралы ұсыныстар енгізеді; 3.18. Оның міндеттеріне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды; 3.19. Облыс әкімі аппараты комиссияларының жұмысына қатысады; 3.20. Бөлімшеде қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша шараларды қамтамасыз етеді; 3.21. Ақпараттық қауіпсіздік шараларын және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді қамтамасыз етеді; 3.22. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 22.10.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.10.2025 – 28.10.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87474261772, 87785148854