Алматы облысы әкімі аппаратының Құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің басшысы. Индекс ОПРПО-1

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Әскери іс
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Қоғамдық қауіпсіздік

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

3.1.  Бөлімнің  қызметіне  жалпы  басшылықты  жүзеге  асырады,  бөлімге жүктелген  міндеттердің  орындалуына  және  оның  функцияларын  жүзеге асыруға дербес жауапты болады; 3.2.  Өзіне  жүктелген  міндеттердің  уақтылы  және  сапалы  орындалуын қамтамасыз етеді; 3.3.  Барлық  деңгейдегі  атқарушы  билік  органдарымен  өзара  іс-қимыл жасайды,  олардан  облыс  әкімдігі  мен  облыс  әкімі  актілерінің  жобаларын, облыстағы  әлеуметтік-экономикалық  саясатты  қалыптастыратын тұжырымдамалар мен болжамдарды дайындау үшін ақпарат алады; 3.4. Алматы облысының аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәмелетке толмағандардың істері саласындағы  мемлекеттік  саясатты  іске  асыруды  қамтамасыз  етеді,  тиісті ведомствоаралық  комиссиялардың  қызметі  шеңберінде  олардың  қызметін ұйымдастырады; 3.5.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  жөніндегі  жұмысты  және сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  субъектілерінің  сыбайлас жемқорлықтың  алдын  алу,  сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдерін  барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін ұйымдастыруды үйлестіреді; 3.6.  Жобалық  қызметке  қатысады  және  №  4  «Сыбайлас  жемқорлықтың алдын  алу  және  оған  қарсы  іс-қимыл»  үлгілік  базалық  бағытын  іске асырады; 3.7.  Нашақорлыққа  және  есірткі  бизнес,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл,  құқық  бұзушылықтың,  оның  ішінде  кәмелетке  толмағандар арасындағы  құқық  бұзушылықтың  профилактикасы  туралы  заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 3.8.  Нашақорлыққа  және  есірткі  бизнес,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  және  құқық  бұзушылықтардың профилактикасы  саласындағы, кәмелетке  толмағандардың  істері  жөніндегі  бағдарламалық  құжаттардың іске  асырылу  барысына  бақылауды  жүзеге  асырады,  сыбайлас  жемқорлық құқық  бұзушылықтар  жасауға  және  құқық  бұзушылықтардың профилактикасына, нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға ықпал  ететін  себептер  мен  жағдайлардың  алдын  алу  және  жою  жөнінде қажетті шаралар қабылдайды; 3.9.  Алматы  облысында  құқық  бұзушылықтардың  алдын  алу  жөніндегі ведомствоаралық  комиссияның  жұмысы  шеңберінде  жұмысты ұйымдастырады; 3.10.  Құқық  бұзушылықтың  алдын-алуға  қатысатын  азаматтар  мен ұйымдардың есебін жүргізеді, азаматтар мен ұйымдарды қоғамдық тәртіпті қорғауға тарту жөнінде шаралар қабылдайды; 3.11.  Алматы  облысында  нашақорлыққа  және  есірткі  бизнесіне  қарсы  іс-қимылға  бағытталған  мемлекеттік  органдардың  қызметін  үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық Штабтың жұмысын ұйымдастырады; 3.12.  Кәмелетке  толмағандардың  істері  жөніндегі  төмен  тұрған комиссиялардың  қызметін  үйлестіреді,  қылмыстардың,  құқық бұзушылықтардың және кәмелетке толмағандардың қараусыздығы; 3.13.  Кәмелетке  толмағандарға  қатысты  құқық  бұзушылықтардың, қадағалаусыз  және  панасыз  қалудың,  зорлық-зомбылық  пен  қатыгездіктің алдын  алу,  оларды  әлеуметтік  оңалту  жөніндегі  мемлекеттік  органдардың қызметін  жетілдіруге  бағытталған  бағдарламалар  мен  әдістемелерді әзірлеуге қатысады; 3.14.  Әйелдер  істері  және  отбасылық-демографиялық  саясат  жөніндегі мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді; 3.15.  Алматы  облысы  аумағында  әйелдер  істері  және  отбасылық-демографиялық саясат саласындағы саясатты іске асыруға қатысады; 3.16.  Жеке  және  заңды  тұлғалардың  өтініштерін  уақтылы  және  сапалы қарауды қамтамасыз етеді; 3.17.  Мемлекеттік  және  өзге  де  ұйымдармен  оның  міндеттеріне  кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды; 3.18. Облыс әкімі аппараты комиссияларының жұмысына қатысады; 3.19.  Облыс  әкімі  жанындағы  әйелдер  істері  және  отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысу; 3.20.  Облыс  аумағында  әйелдер  істері  және  отбасы-демографиялық  саясат жөніндегі субъектілердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; 3.21. Бөлім қызметкерлері арасындағы міндеттерді бөледі; 3.22.  Бөлімде  қауіпсіздік  техникасын  сақтау  бойынша  шараларды қамтамасыз етеді; 3.23.  Ақпараттық  қауіпсіздік  шараларын  және  ақпараттық  қауіпсіздік жөніндегі  техникалық  құжаттама  талаптарын  орындау  жөніндегі міндеттемелерді қамтамасыз етеді; 3.24.  Бөлімге  жүктелген  мәселелер  бойынша  облыс  әкімінің  және  оның орынбасарларының,  облыс  әкімі  аппараты  басшысының  облыстың  сот, арнаулы  мемлекеттік  және  құқық  қорғау  органдарымен  өзара  іс-қимылын қамтамасыз етеді; 3.25. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.09.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

22.09.2025 – 24.09.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87474261772, 87785148854