Алматы облысының Білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы. Индексі 17-01
Алматы облысының Білім басқармасы
Алматы облысы
354069
Жалпы біліктілік талаптары
D-R-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, D-R-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
- Педагогика және психология
- Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
- Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
- Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
- Арнайы педагогика мамандарын даярлау
- Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- Бастапқы әскери дайындық
- Дефектология
- Музыкалық білім
- Бейнелеу өнері және сызу
- Дене шынықтыру және спорт
- Математика
- Физика
- Информатика
- Химия
- Биология
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- География
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Кәсіптік оқыту
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Химия-Биология
- Математика-Физика
- Математика-Информатика
- Физика және информатика
- География - Тарих
- Педагогикалық өлшемдер
- Кәсіптік оқыту (салалар бойынша)
- Тарих-Дінтану
- Персоналды басқару
- Бастауыш білім беру
- Әлеуметтік педагогика
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасы Конституциясын, «Білім туралы», тағы басқа заңдарды басшылыққа ала отырып аудандық білім бөліміне басшылық жасайды; аудандық білім кеңесіне басшылық етеді; білім бөліміне, оның құрылымдық бөлімдері мен бағынышты ұйымдарға басшылық етеді; ауданның білім бөліміне бөлінген қаражатқа басшылық жасайды; бюджеттегі қаржының жұмсалуын бақылайды; білім бөлімі құзырлығына енетін бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады; заң талаптарына сай, білім бөлімінің мемлекеттік қызметкерлерін және білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық негізде тағайындайды және қызметтен босатады; басшы кадрларды іріктейді, орналастырады, резерв кадрлармен жұмыс ұйымдастырады; белгілеген мерзімдерде аудандық білім бөлімінің кеңесін шақырады; талқыланған сұрақтарға шешім қабылдайды, аудандағы білім дамуы мен бағытына басшылық етеді; бөлім қызметкерлерінің шығармашылықпен, бастамашылықпен жұмыс істеуіне, талдау-зерттеу жұмыстарының, эксперименттердің дұрыс ұйымдастырылуына ықпал етеді, жұмыс сапасына, құндылығына сай мақтайды; білім бөлімінің мамандары мен білім беру мекемелерінің басшыларына, еңбек тәртібін бұзған жағдайда, шара қолданады; азаматтарды қабылдауды жүргізеді, хаттарды, арыздар мен шағымдарды қарайды; қажетті құжаттар мен материалдарды даярлап, оны табыстауда аудан әкімінің құрылымдық бөлімшелерімен және облыстық білім басқармасымен тығыз байланыста жұмыс жасайды; мемлекеттік тәртіп пен ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақталуына жауапты болып табылады; мемлекеттік кызмет көрсету бойынша жауапты мамандардың жұмысын бақылайды; техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етеді; ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді. Функционалдық блок - "А".
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Қонаев қаласы, 1 ш.а. 45 г үй
-
8(72-772) 2-31-32