Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары. Индексі Р-3
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
жалпы дәрігерлік практика
Функционалды міндеттер
3.1. Денсаулық сақтау басқармасының өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелерінің (стационарлық көмек бөлімі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және сатып алу бөлімі) қызметіне басшылықты қамтамасыз етеді, олардың жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын, көрсетілген медициналық қызметтердің сапасын жүйелі бақылауды ұйымдастырады; 3.2. емдеу-диагностикалық қызметті жоспарлау, емдеу қызметін талдау, санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды зерделеу және бағалау бойынша ұйымдастырушылық жұмысты жүзеге асырады; 3.3. көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, персонал жұмысының жаңа ұйымдық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді; 3.4. құзыреті шегінде мекемені мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта ұсынады; 3.5. сатып алу және фармация бөлімінің жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін қарайды; 3.6. Денсаулық сақтау саласында цифрландыруды және қолданбалы Ақпараттық жүйелерді енгізу арқылы медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту; 3.7. Облыстың салауатты инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесу. 3.8. Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 3.9 Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпараттық ресурстармен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; 3.10. медициналық көмек көрсету бойынша халықтың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында облыстың денсаулық сақтау саласын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу; 3.11. халыққа медициналық көмек және медициналық ұйымдардың медициналық қызметі мәселелері жөніндегі басқарма алқасының бұйрықтарының, ақпараттық хаттарының, қаулыларының жобаларын әзірлеу; 3.12. кейіннен орындалуын бақылай отырып, ТМККК және МӘМС шеңберінде мемлекеттік тапсырысты бөлуге қатысу; 3.13. орталықтандырылған құралдар есебінен сатып алынатын дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық жабдықтарды жоспарлауға және бөлуге қатысу; 3.14. денсаулық сақтау саласында дәрілік қамтамасыз етуді, материалдық техникалық жарақтандыруды ұйымдастыру; 3.15. облыстың денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық ұйымдардың қызметі туралы медициналық-статистикалық ақпаратқа мониторинг және талдау, медициналық көмек көрсету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық жабдықтармен жарақтандыру бойынша талдамалық материалдар дайындау; 3.16. Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының стратегиялық даму жоспарын, облысты дамыту Бағдарламасын іске асыру барысында басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау, жоспарлы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізуді бағалау, олардың динамикасын болжау, келісуді және бекітуді қамтамасыз ету; 3.17. жоғары тұрған ұйымдарға, басқа ведомстволарға есептер, талдамалық анықтамалар, ақпарат жасау және ұсыну; 3.18. дәрілік айналым саласында автоматтандыру құралдарын әзірлеу және енгізу; 3.19. денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және денсаулық сақтаудың өңірлік бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету; 3.20. келісімдер мен меморандумдар жасасу арқылы профилактикалық іс шаралар әдістерін практикалық қолдану мақсатында технологиялардың халықаралық трансферті; 3.21. облыстың денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық ұйымдардың қызметі туралы медициналық-статистикалық ақпаратты талдау, медициналық көмек көрсету, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық жабдықтармен жарақтандыру бойынша талдамалық материалдар дайындау; 3.22. Қолданыстағы НҚА шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді, медициналық ұйымдарды және медициналық жабдықтармен жарақтандыруды ұйымдастыру. 3.23. басқарманың және оған бағынысты құрылымдық бөлімшелердің (фармация және сатып алу бөлімінің, Стратегия және мониторинг бөлімінің) жұмысын жалпы басқаруды және жоспарлауды жүзеге асырады; 3.24. басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізеді; 3.25. Денсаулық сақтау жүйесінің қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын және Қазақстан Республикасының және облыс әкімінің басқа да нормативтік құқықтық актілерін сақтау; 3.26. заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу; 3.27. фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады; 3.28. жабдықтарды сатып алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруға жауапты; 3.29. медициналық бұйымдарды, санитарлық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастырады; 3.30. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоспағанда, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғаларда корпоративтік басқару мәселелері бойынша қызметті үйлестіруді және мониторингті жүзеге асырады; 3.31. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдарды қоспағанда, үкіметтік емес ұйымдар үшін, оның ішінде халықтың түйінді топтары үшін азаматтардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және нәтижелерін бағалау жөніндегі қызметті жүзеге асырады; 3.32. өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 3.33. Денсаулық сақтау саласындағы жергілікті жобалар бойынша МЖӘ шарттарын жасасады; 3.34. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, мерзімдердің орындалуын сақтау және олар бойынша жауаптар дайындау. 3.35. міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті жоспарлауды ұйымдастырады; 3.36. меншік нысанына қарамастан, медициналық ұйымдар жүзеге асыратын халыққа медициналық көмекті, сондай-ақ оның сапасы мен тиімділігін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді 3.37. басқарманың қызметтік құжаттамасына қол қою. 3.38. басқарма қызметкерлерімен және оған бағынысты құрылымдық бөлімшелермен жедел кеңестер өткізу. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87471177317