Алматы облысы Білім басқармасының басшысы. Индексі 01-1
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
688751
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
- Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
- Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
- Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
- Биологиялық және сабақтас ғылымдар
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Әлеуметтік педагогика
Қосымша талаптар
математика және статистика
Функционалды міндеттер
3.1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарма қарамағындағы ұйымдардың басшыларын, басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады, тәртіптік жаза қолданады және көтермелейді, еңбек және қызмет тәртібін қолдау жөнінде басқа да ықпал ету шараларын қолданады; 3.2. өз құзыреті шегінде басқарма қарамағындағы ұйымдары мен басқарма қызметкерлері орындауға міндетті болып табылатын бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады; 3.3. басқарма қарамағындағы ұйымдар мен басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы бойынша жеке жауапкершілікті алады; 3.4. өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді және басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды; 3.5. белгіленген тәртіпте облыстық басқармадағы алқа мәжілісін, кеңестерді, отырыстарды шақырады, сондай-ақ өңірлік, демографиялық және басқа ерекшеліктерді ескере отырып, мектеп жасына дейінгі, мектептен тыс тәрбие беру мен оқыту, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру мәселелері бойынша бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырады; 3.6. облыс әкімінің, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, басқа да жоғарғы ұйымдардың бұйрықтары, қаулылары мен шешімдерінің, облыстық басқарманың алқа мәжілісінің бұйрықтары мен шешімдерінің және аппарат қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын орындауын бақылайды; 3.7. облыстық басқарма жолдайтын қаржылық есептер мен құжаттарға, мемлекеттік сатып алу жөніндегі келісім-шарттарға, хабарламаларға, хаттарға және басқа да хат-хабарларға қол қояды; 3.8. басқарманың жұмыс регламентін, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын, басқарма аппаратына жұмсалатын шығын сметасын, құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін, мемлекеттік сатып алу мен басқа да қаржылық құжаттарды және басқарма қарамағындағы ұйымдардың қаржылық жоспарын, қызметтік құжаттар мен штаттық кестені бекітеді; 3.9. облыстық басқарма мен басқарма қарамағындағы ұйымдардың кадр әлеуетін қалыптастыру бойынша жұмыстың ұйымдастырылуын және қаржы-шаруашылық қызметті үйлестіреді; 3.10. басқарма жұмысының негізгі және перспективалық бағыттарын айқындайды, басқарманың және қарамағындағы ұйымдардың жұмысын жалпы басшылыққа алуды жүргізеді; 3.11. аумақты дамыту бағдарламасы және басқа да мемлекеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін орындауды қадағалайды; 3.12. белгіленген тәртіпте облыс әкімінің қарауына облыстық басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдердің жобасын ұсынады; 3.13. басқарма қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексімен бекітілген әдеп нормалары мен қағидаларын сақталуын қадағалауды ұйымдастырады; 3.14. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен, облыстық мәслихатпен, облыс әкімі аппаратының басшылығымен және басқа да жоғары тұрған органдар мен мекемелермен өзара іс-қимылды ұйымдастырады; 3.15. білім мәселелері жөніндегі азаматтардың конституциялық құқығын қамтамасыз етеді; 3.16. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті; 3.17. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ҚР Заңының орындалуын бақылайды; 3.18. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шараларын іске асыруды қадағалайды; 3.19. «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының орындалуын бақылайды; 3.20. Өтініштерді тіркеу карточкасына деректерді енгізу сапасына жауапты. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87471177317