Алматы облысы әкімі аппаратының Протокол және сыртқы байланыстар бөлімінің басшысы. Индексі ОПИВС-1
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Әлеуметтік ғылымдар
- Журналистика және ақпарат
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
Функционалды міндеттер
3.1. Шет мемлекеттердің қалаларымен және қалалардың халықаралық бірлестіктерімен жұмыс шеңберінде қала құрылысы саласында халықаралық тәжірибені енгізу бойынша талдау жүргізеді және ұсыныстар енгізеді. 3.2. Алматы облысы әкімі аппараты басшысының жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмаларын орындайды. 3.3. Алматы облысы әкімі аппаратының протокол және сыртқы байланыстар бөліміне жалпы басшылықты жүзеге асырады, жұмыс тәртібі мен стратегиясын айқындайды. 3.4. Бөлім қызметкерлері арасында лауазымдық міндеттерді бөледі, оларға берілген тапсырмалардың орындалуын бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады. 3.5. Облыс әкімінің жұмыс айналымдарын дайындауды тексереді, олардың қорытындылары бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. 3.6. Облыс әкімінің іс-шараларын, оның ішінде көшпелі іс-шараларды ұйымдастырады. 3.7. Бөлімнің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, облыс әкімінің, облыс әкімі аппараты басшысының қатысуымен іс-шараларды (жұмыс сапарларын) ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. 3.8. Алматы облысы әкімі аппаратының басшысының қарауына Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді. 3.9. Бөлімге, оның ішінде мемлекеттік органдар арқылы келіп түскен жеке және заңды тұлғалар азаматтарының өтініштерін, сондай-ақ депутаттық өтініштер мен сұрау салуды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларына сәйкес қарайды. 3.10. Облыс әкімінің кездесулеріне материалдардың дайындалуын, облыс әкімінің кездесулерінде тұрғындар ұсынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау. 3.11. Халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша орталық, жергілікті мемлекеттік органдармен, бюджеттік және басқа да ұйымдармен өзара іс қимылды жүзеге асырады. 3.12. Алматы облысының халықаралық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған шаралар қабылдайды және ұсыныстар енгізеді. 3.13. Шет елдерде Алматы облысының халықаралық іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге қатысады (мәдениет күндері, көрмелер, фестивальдар, форумдар және т.б.). 3.14. Халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша Алматы облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіру жөніндегі жұмысқа қатысады. 3.15. Алматы облысы әкімдігі басшылығының шетелдік жұмыс сапарларының бағдарламаларын әзірлеуге қатысады. 3.16. Жетекші сарапшылар мен ірі халықаралық корпорациялардың өкілдерін тарта отырып, инвестициялық форумдар өткізуге қатысады. 3.17. Инвестициялық, экономикалық, мәдени-гуманитарлық, ғылыми техникалық салалардағы әріптестікті нығайту және өзара тиімді жобалар жасасу үшін халықаралық делегациялардың сапарларын ұйымдастыруға қатысады, келіссөздерге қатысады, ұзақ мерзімді іскерлік байланыстарды жолға қоюға жәрдемдеседі. 3.18. Облыс әкімдігінің негізгі және жедел іс-шаралары бойынша есепті ақпараттың, жиынтық материалдардың дұрыстығын бақылау. 3.19. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды бақылау. 3.20. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау. 3.21. Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапкершілік алу, облыс әкімі аппаратының басшылығына Бөлімнің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар беру. 3.22. Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін, жетекшілік ететін жұмыс учаскесін және жедел міндеттерін айқындау, бөлімде тиісті тәртіп пен еңбекті ұйымдастыруды қамтамасыз ету, демалыс кестесін жасау, облыс әкімі аппаратының басшысына бөлім қызметкерлерін тағайындау және қызметтен босату, оларды көтермелеу және жазалау туралы ұсыныстар беру. 3.23. Бөлім қызметін талдау және бөлім қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асыру үшін материалдар ұсыну, бөлімнің әрбір қызметкері қызметінің тиімділігін ай сайын бағалау жүргізу. 3.24. Аудандар мен қалаларды дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу. 3.25. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің және Алматы облысы әкімдігінің актілерін, тапсырмаларын орындау, облыс әкімінің қатысуымен іс-шараларды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру, облыс әкімі аппараты комиссияларының жұмысына қатысу. 3.26. Қауіпсіздік техникасын сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету. 3.27. Ақпараттық қауіпсіздік шараларын және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді қамтамасыз етеді; 3.28. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді орындайды. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87471177317