Алматы облысы әкімі аппаратының Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас инспекторы. Индексі ООР-15

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес, басқару және құқық (білім беру саласы)
  • Әскери іс
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Қоғамдық қауіпсіздік
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)

Қосымша талаптар

математика және статистика және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Функционалды міндеттер

3.1. Бөлініске сәйкес (қосымшада) мемлекеттік мекемелердің (аудан, қала, басқарма, департамент және т.б.) жұмысына жетекшілік етеді; 3.2. Аппараттық кеңестер мен жедел кеңестерге БЖ келуін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, аппараттық слайдтардың көрсетілуін тексеру; 3.3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқаруын, әкімшілік аумақтық құрылысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау және тиімді мемлекеттік аппарат құру жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді; 3.4. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңды іске асыруға қатысады, облыстық аудандарда және Қонаев, Алатау қалаларында бөлініске сәйкес сайлау округтері мен учаскелерінің, олардың шекараларының, сайлаушылар тізімдерінің қалыптасуына бақылауды жүзеге асырады. Облыстық аудандар мен Қонаев қаласындағы сайлау процестерін ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету іс шараларына қатысады; 3.5 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңның іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады, жетекшілік ететін аудандар мен Қонаев, Алатау қалаларының әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мәселесі бойынша материалдарды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді; 3.6. Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021– 2030 жылдарға арналған тұжырымдасы, Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы, Қазақстан-2050 стратегиясы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту», «Жайлы мектеп», «Қолжетімді интернет» ұлттық жобаларын, «Ауыл Аманаты», «Таза Қазақстан» және т.б. жобаларын іске асыруға қатысады; 3.7. Облыс әкімінің кездесулерінде тұрғындар ұсынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысын бақылауды жүзеге асырады (жетекшілік ететін салалары немесе аудан, қала бойынша); 3.8. Бағдарламалық құжаттарды іске асыру, аудандардың және Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, Президент пен оның Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының, Үкіметтің, облыс әкімінің тапсырмалары бойынша инспекциялау жүргізу үшін аудандарға және Қонаев, Алатау қалаларына жоспарлы/жоспардан тыс сапарларды (қажет болған жағдайда уәкілетті, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін тарта отырып) жүзеге асырады; 3.9. Облыс басшылығына (жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, аппарат басшысының орынбасары), Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік Инспекторына, Үкімет Аппаратының аумақтық инспекторына облыстағы әлеуметтік-экономикалық даму және қоғамдық саяси жағдай туралы жедел ақпаратты 1 сағаттан кеш емес уақытта беруді қамтамасыз етеді; 3.10. Көшпелі инспекторлық тексерулердің нәтижелері бойынша өзекті мәселелерді шешудің ұсыныстары мен талдамалық жазбалар дайындайды; 3.11. Анықталған бұзушылықтарды, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтамау және Президенттің, Премьер-Министрдің, Үкіметтің және облыс әкімінің тапсырмаларын орындамау фактілерін жою бойынша орындауға міндетті актілер енгізеді; 3.12. ҚР Президенті Әкімшілігіне және Үкімет Аппаратына кеңсесіне күнделікті, апта сайынғы есептерді ұсынуды қамтамасыз етеді; 3.13. Облыс әкімдігі отырыстарының материалдарын басқа құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп дайындауды қамтамасыз етеді (жетекшілік ететін салалары немесе аудан, қала бойынша); 3.14. Облыс әкімінің қатысуымен өтетін ағымдағы кеңестерге, семинарларға, конференцияларға материалдар дайындауға қатысады (жетекшілік ететін салалары немесе аудан, қала бойынша). 3.15. Аудан және қала әкімдерін, облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді; 3.16. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;  3.17. Қауіпсіздік техникасын сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етеді; 3.18. Ақпараттық қауіпсіздік шараларын және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау жөніндегі міндеттемелерді қамтамасыз етеді; 3.19. Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да міндеттерді жүзеге асырады. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.08.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.08.2025 – 07.08.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87471177317