Алматы облысының Су ресурстары және ирригация басқармасының басшысы. Индексі Р-1
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
688751
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
гидротехникалық құрылыс
Функционалды міндеттер
3.1. Басқармаға жалпы басшылық жүргізеді, сондай-ақ басқарма қызметін жақсарту бойынша іс-шараларды әзірлейді және оларды жүргізуді ұйымдастырады, оның құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды; 3.2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы облысының су ресурстары және ирригация саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі жұмыстар кешенін басқаруды жүзеге асыру; 3.3. Облыс аумағында су ресурстары және ирригация саласында жалпы басшылықты және үйлестіруді жүзеге асыру; 3.4. Облыстың су ресурстары және ирригация нормативтік-құқықтық актілерді келісуді жүзеге асыру; 3.5. Басқарманың бюджетін қалыптастыру және жасау мәселелері бойынша бюджеттік саясат саласында басшылықты жүзеге асыру; 3.6. Қызметкерлерді әдіснамалық, ұйымдастырушылық-техникалық және талдамалық қолдаумен қамтамасыз ету, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша олардың қызметін үйлестіру; 3.7. Бассейіндік кеңестердің жұмысына және бассейіндік келісмге қатысады; 3.8. Ауыл шаруашылығы және гидротехникалық нысандарының, аумақтарды табиғи және дүлей зілзалалардан инженерлік қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге бюджеттік және өзге де қаражат есебінен келесі жобаларды іске асырады басшылық етеді; - суару каналдарын ағымдағы, күрделі жөндеу, қайта жаңарту, жобалау және салу; - су қоймалар, тоған, бөген және бөгет құрылыстарын салу; 3.9. Ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидияландыру бойынша басшылық етеді. 3.10. Коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды ұйымдастыру және қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады; 3.11. Мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары анықталған кезде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізеді; 3.12. Су шаруашылығы құрылысы және қайта жаңғырту саласындағы заңнамалық актілердің белгіленген талаптарын қамтамасыз етеді және сақтайды; 3.13. Облыстың су шаруашылығы құрылысын дамыту және қайта құру жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді; 3.14. Жоғары тұрған ұйымдарға су шаруашылығы құрылысы реконструкциялауды дамыту бойынша есептердің уақытылы дайындалуын қадағалайды; 3.15. Басқарма шеңберінде нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу, басым бағыттар бойынша егжей-тегжейлі жоспарларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру; 3.16. Штат саны мен құрылымының бекітілген лимиті шегінде басқарманың штат кестесін бекіту; 3.17. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қабылдау; 3.18. Мемлекеттік мекемені білікті кадрлармен қамтамасыз ету, кәсіби білім мен тәжірибені ұтымды пайдалану және дамыту жөнінде шаралар қабылдау; 3.19. Жеке және заңды тұлғаларды қабылдау, Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша жиналыстар мен кеңестерге қатысады; 3.20. Мемлекеттік мүлікті пайдаланудың сақталуы мен тиімді қамтамасыз ету; 3.21. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды уақтылы және толық қамтуды қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметке алғаш кіргендер үшін тәлімгерлікті, тағылымдамадан өтуді, басқарма қызметшілер даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 3.22. Құпиялылық режимінің, техникалық және ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді; 3.23. «Алматы облысының су ресурстары және ирригация» ММ «Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Алматыоблсушар», «Алматы облысының су ресурстары және ирригация басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Сорбұлақ «сорғы станцияларын пайдалану кәсіпорны» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мекемесінің қызметін үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыру; 3.24. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87474261772, 87785148854