Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасының егін, тұқым шаруашылығы және техникалық бақылау бөлімінің басшысы. Индекс ОРСИТК-1
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Аграрлық техника және технология
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Өсімдік шаруашылығы
- Ауыл шаруашылығы
Қосымша талаптар
өсімдік шаруашылығындағы cелекция және биотехнология және/немесе агрохимия және/немесе астықты сақтау және өңдеу технологиясы және/немесе агрономия және топырақтану
Функционалды міндеттер
Өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін әкімшілік мемлекеттік қызметші «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 10 бабында белгіленген міндеттерді және төмендегі функционалдық міндеттерді атқаруы тиіс: 3.1. Өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 3.2. Облыс бойынша карантинді нысандармен аса қауіпті және зиянды организмдердің ауыл шаруашылығы және мемлекеттік босалқы жерлерде таралуы, зақымдануы, алдын алу іс шараларын қадағалау; 3.3. Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 3.4. Егін шаруашылығы саласындағы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің шараларына қатысу және іс жүзінде жүргізуін қамтамасыз ету; 3.5. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласын қадағалау; 3.6. Ауыл шаруашылығы салаларын дамытудың басымды мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысу; 3.7. Агроөнеркәсіп кешеніндегі реформаларды жетілдіруге, шаруашылық жүргізудің әртүрлі үлгілерін дамытуға қатысу; 3.8. «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылық мелиорациялық және жол құрылысы машиналарын, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың мемлекеттік тіркеуі мен есебі» 046 мемлекеттік бюджеттік бағдарламасының мониторингін жүргізу; 3.9. Ауыл шаруашылығы дақылдарын себу және қажетті жанар-жағармай көлемін анықтау және шаруашылықтардың алуын қадағалау, ұйымдастыру; 3.10. Нарықтық жағдайда ауыл шаруашылығы өндірісі субъектілерінің жұмыс істеуіне қажетті экономикалық баға механизмін жетілдіру жөніңде жоғарғы органдардың жасаған бағдарламаларын жүзеге асыру; 3.11. Облыстың ауыл шаруашылық өндірісіне жаңа, перспективалық және өндірістік қабілеті жоғары ауыл шаруашылығы техникаларын енгізуге жәрдемдесу; 3.12. Жана техникаларды тікелей немесе лизинге алуға ықпал ету; 3.13. Облыстың ауыл шаруашылығы өндірісін механизациялау саласын дамыту жөнінде жұмыстар жүргізу; 3.14. Фермерлік және шаруа қожалықтарына көрсетілетін сервистік қызметті жақсарту үшін МТС (машина- технологиялық станция) құруға бағытталған бағдарламаларға қатысу; 3.15. Жаңа техникаларды, қосалқы бөлшектер мен жөндеу материалдарын алуға және техникаларды құрал жабдықтармен қамтамасыз ету үшін, зауыттармен коммерциялық құрылымдармен тығыз байланыс жасау; 3.16.Аудандық/қалалық бөлімдердің инженер-инспекторларының, тоқсандық және жылдық есептері мен атқарылған жұмыстарын қабылдау; 3.17. Бөлімнің қажеттілігіне бөлінген қаражаттың игерілуін жүзеге асыру; 3.18. Машиналардың жыл сайынғы өтетін мемлекеттік техникалық байқау жұмысын бақылау; 3.19. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес кейбір жағдайларда, машиналарды тіркеуден шығаруға шектеу қойылған мәселелерді бақылауға алу. 3.20. Техникалық байқауды өтпеген, тағайындалған тәртіппен тіркелмеген, ақаулы машиналарды қолдануға тыйым салынған жағдайларды бақылауға алу; 3.21. Азаматтардың өтініштерін қарап, жауаптарын жобасын әзірлеу; 3.22. Басқарма басшысының, орынбасарының саланың дамуына және басқарманың міндеттерін орындауға байланысты берілген тапсырмаларын уақытылы және тиянақты орындау. 3.23. GosAgro порталы (СМАЖ) Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы түскен өтінімдерді қарау; 3.24. GosAgro порталы арқылы қабылданып, төлемге жіберілген өтінімдерді мәлімдемеге (ведомость) тіркелуін және өтінімдердің төленуін бақылау. 3.25.Ар-ождандық, этикалық, іскерлік қабілетті жоғары ұстау; 3.26.Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету; 3.27. Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87474261772, 87785148854