Алматы облысы әкімі аппаратының Ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы. Индексі ООР-2

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім

    Функционалды міндеттер

    Аудандарға және Қонаев қаласына, облыстық басқармаларға және облыстың аумақтық органдарына бөлуге сәйкес жетекшілік ету; «Қазақстандықтардың әл – ауқатын арттыруға бағытталған орнықты экономикалық өсу»; Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021–2025 жылдарға арналғанұлттық жоба; 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту; «Күшті өңірлерелді дамытудың драйвері»; «Қауіпсіз ел»; «Білімді ұлт» сапалы білім беру»; «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау»; «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс»; «Жасыл Қазақстан»; «Ұлттық рухани жаңғыру»; ұлттық жобаларын іске асыруға қатысады; «Қазақстан Республикасының әкімшілікаумақтық құрылысы туралы» заңның іске асырылуын бақылауды жүзеге асырады, жетекшілік ететін аудандар мен Қонаев қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мәселесі бойынша материалдарды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Алматы облысы әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысын, жетекшілік ететін аудандар мен Қонаев қаласында және басқармаларда мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың іске асырылуын бақылайды; «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңды іске асыруға қатысады, жетекшілік ететін аудандарда және Қонаев қаласында сайлау округтері мен учаскелерінің, олардың шекараларының, сайлаушылар тізімдерінің қалыптасуына бақылауды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін аудандар мен Қонаев қаласындағы сайлау процестерін ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету іс-шараларына қатысады; Облыс әкімінің кездесулерінде тұрғындар ұсынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі ісшаралар жоспарының орындалу барысын бақылауды жүзеге асырады; Жетекшілік ететін аудандар мен Қонаев қаласына жұмыс сапарлары барысында, сондайақ кеңестерде облыс әкімі берген тапсырмалардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады; Бағдарламалық құжаттарды іске асыру, аудандардың және Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, Президент пен оның Әкімшілігінің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының, облыс әкімінің тапсырмалары бойынша инспекциялау жүргізу үшін аудандарға және Қонаев қаласына жоспарлы/жоспардан тыс сапарларды (қажет болған жағдайда уәкілетті жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін тарта отырып) жүзеге асырады; Жергілікті атқарушы органдардың қызметіне және жетекшілік ететін аудандар мен Қонаев қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыруды жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы органдар қолданатын шараларға мониторинг пен талдау жүргізеді; Көшпелі инспекторлық тексерулердің нәтижелері бойынша өзекті мәселелерді шешудің ұсыныстары мен талдамалық жазбалар дайындайды; Анықталған бұзушылықтарды, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтамау және Президенттің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің және облыс әкімінің тапсырмаларын орындамау фактілерін жою бойынша орындауға міндетті актілер енгізеді; Жетекшілік ететін аудандардың және Қонаев қалаларының, басқармалар мен департаменттердің, олардың қызметін талдау және бөлім алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті құжаттар мен ақпараттардың уақтылы орындалуын және ұсынылуын қамтамасыз етеді; Жетекшілік ететін аудандар мен Қонаев қалалары бойынша пайдалануға берілетін объектілерге талдау жүргізеді. ҚР Президенті Әкімшілігінен және Премьер-Министрі кеңсесінен күнделікті, апта сайынғы есептерді ұсынуды қамтамасыз етеді; Облыс әкімдігі отырыстарының материалдарын басқа құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп дайындауды қамтамасыз етеді; Облыс әкімінің қатысуымен өтетін ағымдағы кеңестерге, семинарларға, конференцияларға материалдар дайындауға қатысады. «А» - функционалдық блогы.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
    Тестілеу бағдарламалары

    Жарияланған күні: 11.02.2025

    Ішкі конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    12.02.2025 – 14.02.2025
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

    Анықтама алу үшін байланыс

    87474261772, 87785148854