Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары, (индекс: 001-03)
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Әлеуметтік ғылымдар
- Құқық
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
- Тарих
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
Қосымша талаптар
тарих, құқық және экономика негіздері мұғалімі және/немесе арнайы педагогика
Функционалды міндеттер
Аудан әкімінің орынбасары өз қызметін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 10 бабына сәйкес жүзеге асырады, сонымен қатар: Ішкі саясат, мемлекеттік тіл мен басқа да тілдерді дамыту, мемлекеттік рәміздер, білім, денсаулық сақтау, халықты жұмыспен қамту, балалар мен азаматтардың құқықтрын қорғау, әлеуметтік, гендерлік, демографиялық және көші - қон саясаты, ұлтаралық қатынас, спорт, үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіби одақтардың қызметі, дін, ақпарат, мерзімдік баспасөзге жазылу мәселелері мен шұғылданады, пошта байланысы қызметін үйлестіреді; Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, білім, спорт және денешынықтыру бөлімдерінің жұмыстарына жетекшілік жасайды; Есік қаласы мен ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық мемлекеттік денсаулық сақтау мекемелерінің, халықтың денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі мемлекеттік санитарлық – эпидемиологиялық бақылау аудандық басқармасының, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» Алматы облыстық филиалының аудандық бөлімшесінің, мемлекеттік тілді үйрету жөніндегі орталықтың қызметін үйлестіреді; Мемлекеттік және мемлекеттік емес емдеу профилактикалық мекемелерімен, мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары және арнаулы орта білім беру мекемелерімен, барлық мәдениет мекемелерімен, аудандық бұқаралық ақпарат құралдарымен, ұлттық мәдени орталықтарымен, «Қазпошта» АҚ аудандық филиалымен, партиялармен, кәсіподақтармен, ардагерлердің, жастардың, әйелдердің, шығармашылық одақтардың және басқа да қоғамдық бірлестіктерімен, діни конфессиялармен, Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс істейді; Отбасы және гендерлік саясат істері жөніндегі комиссияның, кәмілеттік жасқа толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның, тыл еңбеккерлерінің еңбек өтілін анықтау жөніндегі комиссияның, ономастика жөніндегі комиссияның, ҚР мемлекеттік рәміздерін насихаттау мен пайдалану жөніндегі комиссияның, ескерткіштерді қорғау мен күзету жөніндегі комиссияның, тілдер туралы заңнаманың сақталуын бақылау жөніндегі комиссияның, жұқпалы аурулармен күрес жөніндегі комиссияның, нашақорлық, наркобизнес пен күрес, темекі шегуді шектеу мен алдын алу жөніндегі комиссияның, халықтың денсаулығын қорғау жөніндегі үйлестіру кеңесінің, туберкулезбен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің, мүгедектер мен жұмыс және сақтау жөніндегі үйлестіру кеңесінің, азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп жұмыс істеу жөніндегі кеңестің, ВИЧ/СПИД – ке қарсы жұмыс жөніндегі кеңестің, жастар істері жөніндегі кеңестің, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің, оралмандар кеңесінің жұмыстарына басшылық жасайды; Өзі жетекшілік ететін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыстық және аудандық әкімдіктің қаулыларының, облыс және аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді; Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды; Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесіндегі «Ерекше кезең жағдайларына дайындық жұмыстарына бақылау жасау; Аудан әкімі аппаратындағы мемлекеттік құпияларды сақтауды қамтамасыз ету; Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету; Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету; Өздерінің басқаратын салалары бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын қадағалауды (бақылауды) қамтамасыз ету.
«А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87474261772, 87785148854