Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқарма басшысының орынбасары. Индексі 01-01-2

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Көлік құрылысы
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Логистика (сала бойынша)
  • Қаржы
  • Ақпаратты өңдеу және беру процестерін автоматтандыру және механикаландыру
  • Көпірлер мен көлік тоннельдері

Қосымша талаптар

 

 

 

 

 

Функционалды міндеттер

Жолаушылар  көлігі  бөлімінің  қызметін  жүргізуді  үйлестіреді,  осы  бөлім қызметкерлерінің  «Мемлекеттік  қызмет  туралы»,  «Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  күрес  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңдарының,  Еңбек кодексінің және басқа да заңдардың талаптарын сақтауын бақылайды және жауапты болады. Жолаушылар  көлігі  саласындағы  басқарманың  мемлекеттік  сатып  алу жөніндегі  конкурстық  (тендерлік)  құжаттамасын  әзірлеуге  қатысады, конкурстардың  құқықтық  жүргізілуін  бақылайды,  конкурстарға  басшылық етеді  және  «Мемлекеттік  сатып  алу  туралы»  Қазақстан  Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда жауапты болады. Басқарма  басшысының  тапсырмаларына  сәйкес  жолаушылар  көлігіне қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлейді, барлық мемлекеттік және қоғамдық іс-шараларда баяндайды; Жолаушылар  мен  багажды  тұрақты  қалааралық  облысаралық,  ауданаралық (облысішілік қалааралық) тасымалдауды ұйымдастыруды бақылайды. Облыстағы көлік кешенін мемлекеттік басқару және реттеу, жақсарту және жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстарды қарайды. Жолаушыларды  автомобиль,  теміржол,  әуе  көлігімен  тасымалдауда  көлік процесін ұйымдастыру жүйесін мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады. Автомобиль,  теміржол,  әуе  көлігімен  тұрақты  жолаушылар  маршрутына қызмет көрсету бойынша тендерлер өткізуге құжаттамалардың дайындалуын бақылайды. Автомобиль,  теміржол,  әуе  көлігімен  көрсетілетін  қызметтердің  сапасын арттыру және жетілдіру мақсатында іс-шараларды ұйымдастырады. Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын субсидиялау жөніндегі жұмыстардың орындалуын бақылайды және қадағалайды. Азаматтардың,  заңды  тұлғалардың  және  жоғары  тұрған  мемлекеттік органдардың  келіп  түскен  хаттары  мен  өтініштеріне  тиісті  мерзімдерде жауаптар беруді бақылауды жүзеге асырады. Тұрақты  маршруттарда  жолаушы  тасымалдаушылардың  орындаушылық тәртібін тексеру бойынша бақылаушы топтардың жұмысын үйлестіреді. Тәртіптік,  көтермелеу  және  басқа  да  мақсаттармен  басқаруда  құрылған комиссияның құрамында тұрады; Басқарма қызметіне байланысты басқа да функцияларды орындайды. Сот процестеріне қатысу . «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.01.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

13.01.2025 – 15.01.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87474261772, 87785148854