Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жолаушы көлігі бөлімінің бас маманы. Индексі 02-01-4

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Функционалдық міндеттері: 3.1.  Автомобиль,  теміржол  көлігімен  жолаушылар  мен  багажды  тұрақты облысаралық  қалааралық,  ауданаралық  (облысiшiлiк  қалааралық), тасымалдауды  ұйымдастыру  және  оларға  қызмет  көрсету  құқығына конкурстар өткiзу жұмыстарына қатысады; 3.2.  Әлеуметтік  мәні  бар  ауданаралық  (облысішілік  қалааралық)  және  қала маңындағы  жолаушылар  қатынастары  (маршруттар)  бойынша  теміржол көлігімен  жолаушылар  тасымалдарын  жүзеге  асыруға  байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялауға, және ол бойынша конкурсты өткізу жұмыстарына қатысады; 3.3.  Жолаушылар  мен  багажды  тұрақты  ауданаралық  (облысiшiлiк қалааралық)  тасымалдаулар  маршруттарын  және  қозғалыс  кестелерiн әзірлейді; 3.4.  Жолаушылар  мен  багажды  тұрақты  облысаралық  қалааралық автомобильмен  тасымалдаулар  маршруттарын  және  жүру  кестелерiн қарастырады, әрі дайындайды; 3.5.  Автовокзалдардың,  автостанциялардың  және  жолаушыларға  қызмет көрсету пункттерінің тiзiлiмiн жүргiзедi; 3.6.  Жолаушылар  мен  багажды  тұрақты  ауданаралық  (облысiшiлiк қалааралық)  автомобильмен  тасымалдау  маршруттарының  тiзiлiмiн жүргiзедi; 3.7.  Жолаушыларды  ауданаралық  (облысішілік  қаларалық)  әлеуметтiк  мәні бар  тасымалдауларды  жүзеге  асыру  кезіндегі  тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыруға қатысады; 3.8.  Автомобиль  көлігімен  жолаушыларды  тасымалдауды  ұйымдастыру бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысады; 3.9.  Жаңа  бағыттар  ашу  немесе  қолданыстағы  бағыттарды  өзгерту  үшін құжаттамалар дайындауға қатысады; 3.10.  Автомобиль  көлігімен  жолаушыларды  тасымалдаудағы  көлік кәсіпорындарының  өз  уақытында  келісімдер  жасалуына,  келісімдегі шарттарды әзірлейді; 3.11.  Мүдделі  мемлекеттік  органдар  мамандарды  тартумен  жолаушыларды тасымалдауда  көліктік  үрдіс  субьектілерінің  орындаушылық  тәртібін ұйымдастыруға қатысады; 3.12.  Жолаушылар  тасымалдауды  ұйымдастыру  мен  басқару  бойынша қалалық  және  аудандық  әкімдіктерге  тәжірибелік  және  кеңестік  көмек көрсетеді; 3.13.  Автовокзалдар  (автостанциялар)  мен  жолаушыларды  тасымалдау әрекеті туралы басшылыққа баяндама үшін ақпараттар дайындайды; 3.14.  Ауданаралық  (облысішілік  қалааралық)  және  қала  маңындағы қатынастарды айқындау жұмыстарына қатысуға; 3.15.  Теміржол  көлігімен  жолаушыларды  тасымалдауды  ұйымдастыру бойынша нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысады; 3.16. Әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы  жолаушылар  қатынасы  (маршруттар)  бойынша  теміржол көлігімен  жолаушылар  тасымалдауды  жүзеге  асыратын тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау туралы шартын әзірлейді; 3.17. «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық)  және  халықаралық  қатынастарда  автобустармен,  шағын автобустармен  тұрақты  емес  тасымалдау,  сондай-ақ  жолаушыларды халықаралық  қатынаста  автобустармен,  шағын  автобустармен  тұрақты тасымалдау  жөніндегі  қызметпен  айналысу  үшін  лицензия  беру,  қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын әзірлейді; 3.18.  Өздігінен  жүретін  шағын  көлемдi  кемелердi  жүргізу  құқығына куәлiктерді әзірлейді; 3.19.  Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  бойынша  есептерді  дайындайды, ол бойынша ақпараттарды дайындайды; 3.20. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл жүргізеді; 3.21.  Бөлімге  келіп  түскен  хаттардың  заңды  және  уақытылы  орындалуына жауапты; 3.22.  Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтер  бойынша  есептерді  дайындайды, ол  бойынша  бөлім  басшысына  ақпараттар  ұсынады,  осы  қызмет  бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл жүргізеді; 3.23. Е-Өтініш жүйесінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеу карточкасына деректерді енгізу сапасына жауапты; 3.24.  Келіп  түскен  жеке  және  заңды  тұлғалардың  өтініштерінің  уақытылы қаралуына және орындалуына жауапты; 3.25. Бөлімінің қызметі бойынша басқа міндеттерді атқарады; 3.26.  Халықаралық  автомобиль  тасымалдары  нарығында  отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігі үшін жағдайлар жасау; 3.27. автомобиль тасымалдарының ішкі нарығын қорғау; 3.28.  автожол  және  көлік  кешендерін  дамытуды  жақсарту  мәселелері бойынша шешімдер мен ұсыныстар әзірлеуге қатысу; 3.29.  тасымалдаушыларды  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында белгіленген  тәртіппен  материалдық  шығындар  мен  залалды  кейіннен  өтей отырып,  төтенше  жағдайларды  жоюға  байланысты  жұмыстарды  орындауға тарту; 3.30.  заңнамада,  жарлықтарда,  нормативтік  актілерде  және  Қазақстан Республикасының  қаулыларында  көзделген  өзге  де  құқықтар  мен міндеттерді жүзеге асыру; 3.31.  жолаушылар  көлігін  дамытудың  кешенді  схемасын  және  жол  жүрісін ұйымдастыру жобаларын әзірлейді; 3.32.  тасымалдаушыларды  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында белгіленген  тәртіппен  материалдық  шығындар  мен  залалды  кейіннен  өтей отырып,  төтенше  жағдайларды  жоюға  байланысты  жұмыстарды  орындауға тартуға; 3.33.  шағын  көлемді  кемелердің  кеме  жүргізушілерін  даярлау  жөніндегі курстарды есепке алу;.  «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 20.12.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.12.2024 – 31.12.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87474261772, 87785148854