Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының олимпиадалық спорт түрлері және спорттық резервтер бөлімінің басшысы, (индекс:ООВСИСР-1)
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Дене шынықтыру және спортты дамытудың Тұжырымдамасын, Орта мерзімді даму бағдарламасын, Аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеуге қатысады; Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады; Бөлімнің, облыстық спорт түрлерінен федерациялардың, спорттық атақтар, санаттар және «үздік спортшы», «жыл спортшысы» атақтарын беру жөніндегі конкурстық комиссияның, республиканың ұлттық құрама командаларына спорттық резерв дайындау жөнінде бағынышты мекемелердің қызметтеріне тікелей жетекшілік етеді. Олимпиадалық спорт түрлерін дамыту жөнінде облыстың дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелердің; облыс спортшыларын Олимпиада Ойындарына дайындау жөнінде ОРДО-ның; сапалы оқужаттығу үрдісін қамтамасыз ету жөнінде ОРМБЖМ-нің және БЖСМ-нің директорлар кеңесінің; оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырып, өткізу жөнінде облыстың жетекші спортшылары мен аға жаттықтырушыларының; республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу үшін облыстың құрама командаларының қызметтерін үйлестіреді және бағыт береді: Облыс аудандары мен қалалары әкімдерінің орынбасарларымен; аудандар мен қалалардың білім, дене шынықтыру және спорт бөлімдері басшыларымен; ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің, ұлттық штаттық командалар мен спорттық резервтер дирекциясымен; бұқаралық ақпарат құралдарымен, облыстың қоғамдық және мемлекеттік құрылымдарымен; спорт түрлерінен федерациялармен және т.б. өзара әрекет етеді. Олимпиадалық және жекпе-жек спорт түрлерін дамыту, республиканың ұлттық командаларына спорттық резерв дайындау мәселелерімен айналысады; Облыстың үздік спортшыларының, спорт түрлері бойынша құрама командаларының республикалық және халықаралық жарыстарға қатысуын, олимпиадалық спорт түрлері бойынша облыстық, республикалық және халықаралық жарыстардың ұйымдастырылып өткізілуін қамтамасыз етеді; Олимпиадалық және жекпе-жек спорт түрлерінен күнтізбелік жоспарын әзірлейді; Облыс спортшыларын Олимпиада және Азия ойындарына қатысуын қамтамасыз етеді; Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларының) құрамына кіретін спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командаларының) құрамдарында қатысатын спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін әзірлейді; Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша (жергілікті спорттық федерацияларды аккредиттеу; спорттық разрядтар мен санаттар беру: Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты спортшы-нұсқаушы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, бірінші дәрежелі спорт төрешісі; Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру, Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру) құжаттардың дұрыс және сапалы рәсімделуін қадағалайды; Бағынышты мекемелердің оқу-жаттығу бағдарламасының талаптарын орындауын қамтамасыз ету, олимпиадалық спорт түрлері бойынша облыстық федерациялардың, спортшыларды дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінде медика-биологиялық тексеруден өткізу, жоғары спорттық разрядтар дайындау жөнінде оқытушы-жаттықтырушылар құрамының, басқарманың алқа мәжілісіне материалдарды дайындау бойынша бөлім қызметкерлерінің, спорттық-бұқаралық шаралардың күнтізбелік жоспарын және шығын сметасын орындау бойынша спорт мекемелерінің қызметін үйлестіреді, бағыт береді; Облыс әкімінің, жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының, басқарма бастығының хаттамалық тапсырмаларын орындау жөніндегі ақпаратты дайындайды; Бөлім құзырына қатысты құқықтық мәселелерді қарастыру кезінде бекітілген тәртіп бойынша сотта және де басқа органдарда басқарманың мүддесін танытады; Облыс аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органға ұсынады; Бөлім құзырына қатысты облыс әкімдігінің қаулыларының, өкімдері мен шешімдерінің жобаларын әзірленуін қадағалайды. Қызметтік құжаттар бойынша тапсырмаларды, азаматтардың өтініштерін орындайды; Алқа мәжілісіне құжаттарды әзірлеу. Шет елдерде өтетін халықаралық спорттық жарыстарда облыс мүддесін танытады; Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді; БАҚ алдында басқарма мүддесін танытады; Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етеді; Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87474261772,87785148854