Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын сақтау бөлімінің басшысы. Индексі ООЗМИР-1
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттері: 3.1.Басқарманың, оның құрылымдық бөлімшелерінің және оған бағынысты мекемелердің, кәсіпорындардың ана мен баланың денсаулығын қорғау жұмысы жөніндегі басшылықты және жұмысты жоспарлауды іске асырады, жүктелген міндеттерді орындауға жеке жауапкершілік алады; 3.2. Босануға көмек және балалар қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды әзірлейді және ұсынады; 3.3. Өңірлік штабтардың отырыстарында ана өлімінің және алдын алуға болатын бала өлімі жағдайларын талқылайды және ана мен бала өлімін төмендету бойынша нақты шаралар қабылдайды; 3.4. Аудан мамандарына әдістемелік басшылықты және тәжірибелік көмекті іске асырады; 3.5. Облыста әйелдер мен балаларға медициналық көмекті одан әрі жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды әзірлейді және енгізеді; 3.6. Науқастарды емдеу тактикасын құру бойынша мамандардың жүгінуі кезінде консультативтік көмек көрсетеді; 3.7. Әйелдер мен балаларға мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша Ұлттық педиатрия және балалар хирургиясы орталығымен, Ұлттық акушерия гинекология және перинатология орталығымен, Ұлттық ғылыми ана мен бала орталығымен үнемі байланыста болады; 3.8. Вакцинаны басқару инфекцияларымен сырқаттанушылықты төмендету бойынша ересектер мен балаларға профилактикалық екпелерді жүргізуге бақылауды іске асырады; 3.9. Емдеу-профилактикалық мекемелерінің әйелдер мен балаларға диагностикалау және емдеу жүргізу мәселелері бойынша азаматтардың өтініштерін қарайды; 3.10. Гинекологиялық аурушаңдықтың алдын алу және ерте сатысында анықтау, түсік жасатуды төмендету, нәресте өлімінің алдын алу және төмендету бойынша бақылау жүргізеді. Қауіпсіз ана бағдарламасын орындау бойынша бақылауды іске асырады: отбасын жоспарлау, босанғанға дейінгі күтім, қауіпсіз босану және қажетті акушерлік, педиатриялық көмек; 3.11. Босануға көмек және балалар мекемелеріндегі дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатуды іске асырады; 3.12. Денсаулық сақтаудың жоғары органдарына акушерлік және педиатриялық қызмет бойынша статистикалық есеп құрастыруға және тапсыруға бақылау жүргізеді; 3.13. Облыстың медициналық мекемелерінің босануға көмек және балалар қызметінің жұмысына жалпы бақылауды іске асырады; 3.14. Қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату бойынша жүйелі түрде іс-шаралар жүргізеді (клиникалық-анатомиялық конференциялар өткізу, ана мен бала өлімінің жағдайларын талқылау, семинарлар, кеңестер және т.б.); 3.15. Облыстың емдеу-профилактикалық мекемелері басшыларының назарына жоғары тұрған органдардың бұйрықтарын, өкімдерін, нұсқамаларын және т.б. жеткізеді; 3.16. Аудандар бойынша статистикалық мәліметтер негізінде акушерлік-гинекологиялық жағдай туралы ақпаратты білуі тиіс және бақылау жүргізеді; 3.17. Ведомствоға қарасты мекемелердің жұмыс тәжірибесіне акушерлік- гинекологиялық және педиатриялық аурулардың алдын алу және емдеудің жаңа технологияларын енгізуді қамтамсыз етеді; 3.18. Дәрігерлер мен орта буын медициналық қызметкерлер үшін аушерия және гинекология, педиатрияның өзекті мәселелері бойынша акушер-гинекологтар және педиатрлар қоғамымен бірлесіп, облыстық және ауданаралық конференцияларды ұйымдастырды; 3.19. Акушерлік-гинекологиялық және педиатриялық қызметтер мәселелері бойынша алқа мәжілістерін, емдеу-профилактикалық, үйлестіру кеңестерін өткізуге қатысады. 3.20. Жүктелген міндеттерді орындауға жеке жауапкершілік алады. 3.21. Бөлім басшысы басқарма басшысына және басшының орынбасарына бағынады. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87474261772, 87785148854