Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының стационарлық көмек бөлімінің басшысы. Индексі ОСП-1
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
жалпы дәрігерлік практика
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттері: 3.1.Бөлім басшысы жетекшілік ететін басқарма басшысына және басшының орынбасарына бағынады; 3.2. жалпы басқаруды іске асырады және бөлімнің және оған бағыныстағы мекемелердің жұмысын жоспарлайды, бөлімге жүктелген міндеттер мен жұмыстардың орындалуына жеке жауапкершілік артылады, тұрғындардың тіркеу регистрінің мониторингін, жан басына шаққандағы нормативтің қосымша компонентінің порталын жасайды; 3.3. бөлім басшысы ҚР заңнамалық актілеріне, ҚР Үкіметінің қаулыларына, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарына, сондай-ақ, жоғары тұрған органдардың нұсқамалары мен ережелеріне сәйкес, облыстың медициналық ұйымдарының алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету бойынша жұмысын ұйымдастырады; 3.4. денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас мамандарымен бірлесе отырып, облыстың негізгі іс-шаралар жоспарының, медициналық тәжірибеге жаңа технологияларды енгізу жобаларын әзірлейді; 3.5.тұрғындарға медициналық көмекті дамыту бойынша жоғары тұрған органдардың дерективті құжаттарын және іс-шаралар жоспарын іске асыру жұмысын ұйымдастырады және бақылауды белгілейді; 3.6. тікелей қызметкерлердің, сондай-ақ, облыстың медициналық ұйымдадың назарына жүйелі түрде жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарын, өкімдерін және нұсқамалық-әдістемелік тапсырмаларын жеткізеді және олардың уақытылы орындалуын бақылауға алады; 3.7. облыстың медициналық ұйымдарының негізгі рейтингтік көрсеткіштерінің орындалуына қорытынды шығара отырып, бақылауды қамтамасыз етеді, облыстың медициналық ұйымдары жұмысының сапалық көрсеткіштеріне талдау жасайды және нәтижелерін денсаулық сақтау басқармасы басшысының және медициналық ұйымдардың басшыларының назарына жеткізеді; 3.8. бас дәрігерлердің орынбасарларымен семинарлар, конференцияларды ұйымдастырып өткізеді; 3.9. денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылауды іске асырады; 3.10. денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас мамандарымен бірлесе отырып, облыстың медициналық ұйымдарының емдеу- диагностикалық көмек жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарының, медициналық тәжірибеге жаңа технологияларды енгізу жобаларын әзірлеуді іске асырады; 3.11. тұрғындарға медициналық көмекті дамыту бойынша жоғары тұрған органдардың дерективті құжаттарын және іс-шаралар жоспарын іске асыру жұмысын ұйымдастырады және бақылауды белгілейді; 3.12. облыс тұрғындарына емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру бойынша іс-шараларды жүргізуге қатысады; 3.13. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, мерзімдердің орындалуын сақтау және олар бойынша жауаптар дайындау; 3.14. басқарма алқаларында қарау үшін материалдар дайындау,басқа жұмыс кеңестерінде; 3.15. сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынысты адамдардың сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады; 3.16. жүктелген міндеттердің орындалуына жеке жауапкершілік алады. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87785148854, 87474261772