Алматы облысы білім басқармасының орта білім беруді дамыту бөлімінің бас маманы. Индексі 03-2
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
- Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
- Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
- Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
- Арнайы педагогика мамандарын даярлау
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- Бастапқы әскери дайындық
- Дефектология
- Музыкалық білім
- Бейнелеу өнері және сызу
- Дене шынықтыру және спорт
- Математика
- Физика
- Информатика
- Химия
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- География
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Кәсіптік оқыту
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
- Химия-Биология
- Математика-Физика
- Математика-Информатика
- Физика және информатика
- География - Тарих
- Педагогикалық өлшемдер
- Тарих-Дінтану
- Персоналды басқару
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және этикалық нормаларды қатаң сақтауы тиіс. Ол өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қандай да бір пайда немесе артықшылық алу үшін заңсыз әрекеттер жасауға немесе осындай әрекеттерді ұйымдастыруға тыйым салынады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсенді қатысуы керек және сыбайлас жемқорлыққа байланысты күдік тудырған жағдайларды дереу тиісті органдарға хабарлауы тиіс. Қызмет барысында өз өкілеттігін жеке мүдде үшін пайдалануға немесе басқалардың жеке мүдделеріне қызмет етуге жол берілмейді. Осы тармақты бұзу мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жауапкершілікке тартылуға негіз болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі сыртқы және ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті ақпаратты және құжаттарды ұсынуға міндетті. Мемлекеттік қызметшінің қаржылық жағдайы мен мүліктік декларациялары әрдайым ашық және тексеруге дайын болуы тиіс. Бұл талаптарды орындамау немесе декларацияда қателіктер мен жасырын ақпараттың болуы сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің белгісі ретінде қаралады. Қызметтік міндеттердің орындалуына, анықтамалар мен ақпараттық материалдардың, құжаттардың, жоспарланған мәселелердің және басшылардың тапсырмасының белгіленген мерзімде орындалуына, олардың дұрыстығы мен сапалығына жауап береді; Іс-шараларды, жобаларды, алқа мәжілісінің шешімдерін, жетекшілік ететін мәселесі бойынша басқарма бұйрықтарын дайындауға қатысады және орындалуын бақылау арқылы құжаттардың жүзеге асырылуын қадағалайды; Тақырыптық зерделеулер ұйымдастырады, өз құзыретіне жататын мәселе бойынша облыстық білім басқармасының зерделеулеріне қатысады; Жүйелі түрде семинарлар, кеңестер ұйымдастырып отырады: аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мамандарын жетекшілік ететін мәселесі бойынша жұмысын ұйымдастырады және нормативтік құқықтық құжаттармен таныстырады; Жалпы білім беретін мемлекеттік мектептерінің және облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарының жұмысына басшылық жасайды; «Жас дарыны» облыстық дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау оқу-әдістемелік орталығының жұмысына жетекшілік етеді; Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту» туралы №348 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында мемлекеттік стандарттың орындалуына бақылау жүргізеді; Оқушылардың мектепке қабылдануы, басқа мектептерге ауысуы (қозғалыс) бойынша мәліметтерді қабылдайды және сараптама жүргізеді; Облыс бойынша барлық білім алушылардың оқу үлгеріміне, сабаққа қатысуына мониторинг жүргізеді; «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына сәйкес білім беру мекемелеріндегі үлгілік оқу жоспарларының жүргізілуіне басшылық жасайды; Барлық білім беру деңгейлерінде білім алушылардың білім сапасын арттыру мақсатында аудандық, қалалық білім бөлімдері бойынша білім сапасының, оқу пәндері бойынша білім сапасының есебін жинақтайды және саралайды; Мектеп жасындағы балаларды жалпыға бірдей міндетті оқумен қамтуды ұйымдастырады; Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары бойынша жұмыстарды үйлестіреді; жетекшілік ететін мәселе бойынша статистикалық есептерді жүргізеді; Басшылықтың тапсыруы бойынша азаматтардан келіп түскен өтініштер мен хаттарды қарайды; Жылдық, тоқсандық, айлық жеке жұмыс жоспарын құрастырады; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» орта білім беру ұйымдарына (1 және 10 сыныпқа ) оқуға қабылдауға басшылық жасайды; Экстернат нысанында оқыту және «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы №61 бұйрығына сәйкес «Экстренат» нысанында оқыту жұмысына басшылық жасау. Оқу жылының басталуы, оқу жылының аяқталуы бойынша аудандық, қалалық білім бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» №130 бұйрығына сәйкес мектепішілік бақылау жұмысын жүргізу бойынша білім беру ұйымдарының жұмысын үйлестіреді. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87474261772, 87785148854