Алматы облысы білім басқармасының тәрбие жұмысы және қорғаншылық, қамқоршылық және арнайы білім беру бөлімінің бас маманы. Индексі 06-4
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
- Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
- Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- Бастапқы әскери дайындық
- Дефектология
- Музыкалық білім
- Бейнелеу өнері және сызу
- Дене шынықтыру және спорт
- Математика
- Физика
- Информатика
- Химия
- Биология
- Тарих
- Құқық және экономика негіздері
- География
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Кәсіптік оқыту
- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
- Химия-Биология
- Математика-Физика
- Математика-Информатика
- Физика және информатика
- География - Тарих
- Педагогикалық өлшемдер
- Кәсіптік оқыту (салалар бойынша)
- Тарих-Дінтану
- Персоналды басқару
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттері: Өз құзыретінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Бала құқығы туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Конвенциясын, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының «ҚР балалар құқығы туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Нормативтік-құқықтық актілер туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Білім туралы» және «Тілдер туралы» ҚР Заңдарын және ҚР нормативтік құжаттарын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Мүгедектерді оңалту мәселесіне, облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консультация және психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, арнайы мектеп-интернаттарының жұмыстарына жетекшілік етеді, бақылайды. Облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық консультация, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен арнайы мектеп- интернаттарының жан-жақты және тақырыптық зерделеу жұмыстарын жүргізеді; Жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру жұмыстарын үйлестіреді, қадағалайды. Мүгедек және мүмкіндігі шектелген балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жұмыстарын жүргізеді, қадағалайды. Білім беру саласына қатысты мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ішкі мемлекеттік бақылау бойынша жұмыстарды жүргізеді және бақылайды. Басқарма және ведомстволық бағынысты ұйымдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі ішкі бақылау бойынша тоқсандық, жылдық есептерді қорытындылайды, талдайды және ұсынады. Мектеп оқушыларын кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастырады. Республикалық «Мектепке жол» акциясының ұйымдастырылып, өткізілуін бақылауға алады. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиналыстарды, семинарларды, конференцияларды, оқу-әдістемелік кеңестерді және басқа іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Өз құзыретіндегі мәселелер жөнінде өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге, есептерді, мәліметтерді, анықтамалық материалдарды дайындауға қатысады. Жетекшілік ететін мәселесіне қатысты азаматтардан келіп түскен хаттар мен шағымдарды қарайды. Облыстық білім басқармасының жұмыс регламентін сақтайды. Басқарма басшыларының басқа да тапсырмаларды орындайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және этикалық нормаларды қатаң сақтауы тиіс. Ол өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде қандай да бір пайда немесе артықшылық алу үшін заңсыз әрекеттер жасауға немесе осындай әрекеттерді ұйымдастыруға тыйым салынады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсенді қатысуы керек және сыбайлас жемқорлыққа байланысты күдік тудырған жағдайларды дереу тиісті органдарға хабарлауы тиіс. Қызмет барысында өз өкілеттігін жеке мүдде үшін пайдалануға немесе басқалардың жеке мүдделеріне қызмет етуге жол берілмейді. Осы тармақты бұзу мемлекеттік қызметшіге тәртіптік жауапкершілікке тартылуға негіз болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі сыртқы және ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуының тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті ақпаратты және құжаттарды ұсынуға міндетті. Мемлекеттік қызметшінің қаржылық жағдайы мен мүліктік декларациялары әрдайым ашық және тексеруге дайын болуы тиіс. Бұл талаптарды орындамау немесе декларацияда қателіктер мен жасырын ақпараттың болуы сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің белгісі ретінде қаралады. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87474261772, 87785148854