Алматы облысы ішкі саясат басқармасының қоғамдық-саяси ахуалды талдау және болжау бөлімінің бас маманы. Индексі ОАИПОС-3
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Тарих
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Халықаралық журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
- География - Тарих
- Экономика және менеджмент
- Құқықтану
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
Функционалдық міндеттері: Қоғамдық-саяси іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады. Алматы облысы әкімдігінің жанындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері жөніндегі облыстық комиссияның жұмысын ұйымдастырады, облыста Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану, орналастыру және пайдалану мониторингін жүргізеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттауға бағытталған тақырыптық іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдеседі. Ішкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты айқындайтын тұжырымдамаларды, бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларды, ағымдағы және перспективалық жұмыс жоспарларын әзірлеуге қатысады және іске асырады. Ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған республикалық және өңірлік ғылыми-практикалық іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдеседі және дайындауға және өткізуге қатысады. Ішкі саяси үдерістерді, өңірдегі қоғамдық пікір жағдайын, азаматтардың электораттық көңіл-күйін, Мемлекеттік органдардың жұмысын жан-жақты зерделеу және талдау, ішкі саясат саласында практикалық ұсынымдар, сондай-ақ қоғамды топтастыру және ішкі саяси тұрақтылықты нығайту бойынша ұсыныстар әзірлеу; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, министрліктер мен ведомстволарға ақпараттық материалдарды ұсыну кестесіне сәйкес қоғамдық – саяси ахуалдың мониторингін және талдауды ұйымдастыру. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87474261772, 87785148854