Алматы облысының ветеринариялық басқармасының басшысы, (индекс: 0-24)

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-1 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

688751

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ветеринария
  • Ветеринарлық медицина
  • Ветеринарлық санитария

Қосымша талаптар

мал  дәрігерлік  медицина және/немесе  мал  дәрігерлік  тазалық  сақтау және/немесе  ветеринарлық  фельдшер және/немесе  ветеринарлық  фармация  және/немесе ветеринарлық  экология

Функционалды міндеттер

Басқарма қызметіне басшылық ету. Ветеринария саласындағы  мемлекеттік  саясатты  іске  асыру; денсаулық  сақтау  саласындағы  уәкілетті мемлекеттік  органмен  бірлесе  отырып,  халық денсаулығын  жануарлар  мен  адамға  ортақ аурулардан  қорғауды  ұйымдастыру  және  өзара ақпарат  алмасуды  жүзеге  асыру;облыстың аумағында  орналасқан  екі  және  одан  көп ауданда  жануарлардың  жұқпалы  аурулары пайда  болған  жағдайда,  тиісті  аумақтың  бас мемлекеттік  ветеринариялық-санитариялық инспекторының  ұсынуы  бойынша  карантинді немесе  шектеу  iс-шараларын  белгілеу  туралы шешімдер  қабылдау;  осы  облыстың  аумағында орналасқан  екі  және  одан  көп  ауданда  пайда болған  жануарлардың  жұқпалы  ауруларының ошақтарын  жою  жөнінде  ветеринариялық  іс- шаралар  кешені  жүргізілгеннен  кейін  тиісті аумақтың  бас  мемлекеттік  ветеринариялық- санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы  шешімдер  қабылдау;  Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы  заңнамасына  сәйкес  жануарлардан алынатын  өнім  мен  шикізатқа  ветеринариялық- санитариялық  сараптаманы  лицензиялау;мал қорымдарын  (биотермиялық  шұңқырларды) салуды,  реконструкциялауды  ұйымдастыру және  оларды  күтіп-ұстауды  қамтамасыз  ету; облыстың  жергілікті  өкілді  органына  бекіту үшін  жануарларды  асырау  қағидаларын,  иттер мен  мысықтарды  асырау  және  серуендету қағидаларын,  қаңғыбас  иттер  мен  мысықтарды аулау  және  жою  қағидаларын,  жануарларды асыраудың  санитариялық  аймақтарының шекараларын  белгілеу  жөнінде  ұсыныстар енгізу;  мүдделі  тұлғаларға  жүргізіліп  жатқан ветеринариялық  іс-шаралар  туралы  ақпарат беруді  ұйымдастыру  және  қамтамасыз  ету; уәкілетті  орган  белгілеген  тәртіппен  аумақты аймақтарға  бөлу  туралы  шешім  шығару; уәкілетті  органмен  келісім  бойынша  тиісті әкімшілік-аумақтық  бірліктің  аумағында ветеринариялық-санитариялық  қауіпсіздікті қамтамасыз  ету  жөніндегі  ветеринариялық  іс-шаралар  жоспарын  бекіту;  тиісті  әкімшілік- аумақтық  бірліктің  аумағында  ветеринариялық- санитариялық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету жөніндегі  ветеринариялық  іс-шаралар ұйымдастыруды  және  жүргізуді  үйлестіру; ветеринария  мәселелері  бойынша  халықтың арасында  ағарту  жұмыстарын  ұйымдастыру және  жүргізу;  профилактикасы  мен диагностикасы  бюджет  қаражаты  есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының  тізбесін  бекіту;  жергілікті мемлекеттік  басқару  мүддесінде  Қазақстан Республикасының  заңнамасымен  жергілікті атқарушы  органдарға  жүктелетін  өзге  де өкілеттіктерді  жүзеге  асыру  кіреді;  мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалауды қадағалайды (ашық  нормативтік  құқықтық  актілер,  ашық деректер,  ашық  бюджет,  ашық  диалог,  сәулет құрылыс  порталы);  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  күрестің  Алматы  өңірлік  бағдарламасын жүзеге  асыруды  қамтамасыз  ету;  басқарманың мүддесін  тиісті  қаржы  жылғы  тауарларды, жұмыстарды,  қызметтерді  мемлекеттік  сатып алуды  ұйымдастыру  және  өткізу  рәсімдерін орындауға  жауапты  міндеттемелер  жөніндегі қаржыландыру  жоспарына  сәйкес  қаражаттың мақсатты жұмсалуын, сондай-ақ ақша қаражаты мен  материалдық  құндылықтардың  сақталуын бақылау  жасайды.  «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 01.11.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.11.2024 – 06.11.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87474261772, 87785148854