Алматы облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі, (индекс: Р-15)

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

    Қосымша талаптар

    Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім

    Функционалды міндеттер

    Мемлекеттік  қызметшілерге  Қазақстан Республикасының  мемлекеттік  қызмет, сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл саласындағы  заңнамасының  және  Әдеп кодексінің  талаптарын  сақтау  мәселелері бойынша  консультациялық  көмек  көрсетеді, мемлекеттік  қызметшілердің  заңдарда белгіленген  шектеулер  мен  тыйымдарды сақтауына  ықпал  етеді,  өзі  жұмыс  істейтін мемлекеттік  орган  басшылығының  тапсырмасы бойынша  мемлекеттік  қызметшілердің қызметтік  әдеп  нормаларын  бұзу  фактілері бойынша  жеке  және  заңды  тұлғалардың өтініштерін  қарайды,  ұжымда  жалпы қабылданған  моральдық-әдептілік  нормаларына сәйкес  келетін  өзара  қатынастар  мәдениетін қалыптастыруға  жәрдемдеседі,  мемлекеттік қызметшілердің  құқықтары  мен  заңды мүдделері  бұзылған  жағдайларда,  оларды қорғауға  және  қалпына  келтіруге  бағытталған шараларды  қабылдайды,  мемлекеттік қызметшілердің  қызметтік  әдеп  нормаларын сақтауын  мониторингтеуді  және  бақылауды жүзеге  асырады;  Қазақстан  Республикасының мемлекеттік  қызмет,  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл  саласындағы  заңнамасын  және Әдеп  кодексін  сақтау  мәселелері  бойынша мемлекеттік  қызметшілермен  түсіндіру жұмыстарын  тұрақты  негізде  жүргізеді, қызметтік  әдеп  нормаларын  бұзудың профилактикасы  мақсатында  өзге  де  қызметті ұйымдастырады.  «B» - функционалдық блогы.

    Ескертпе

    Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


    Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

    Жарияланған күні: 02.10.2024

    Жалпы конкурс

    Құжаттарды қабылдау мерзімі:

    03.10.2024 – 11.10.2024
    Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

    Қажетті құжаттар

    • Тізімᅠ
    • Өтініш үлгісіᅠ
    • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
    Құжаттарды жіберу

    Сұхбаттасу орны

    Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

    Анықтама алу үшін байланыс

    87474261772, 87785148854