Алматы облысы әкімі аппаратының Заң бөлімінің басшысы, (индекс:ЮО-1)

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

380391

Жалпы біліктілік талаптары

D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару

Қосымша талаптар

азаматтық  құқық  және/немесе  құқықтану  (Құқықтану)  және/немесе  заң кеңесшісі

 

Функционалды міндеттер

Бөлімге  жалпы  басшылықты  жүзеге  асырады. Облыс әкімінің талап - арыз жұмысын жүргізеді, соттарда  сенімхат  бойынша  облыс  әкімінің, облыс  әкімдігінің,  облыс  әкімі  аппаратының мүдделерін  білдіреді;  Жеке  және  заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарауды қамтамасыз етеді; Облыстың  жергілікті  атқарушы  органдарына шағым-талап  жұмысы  бойынша  облыс әкімдігінің  құрылымында  тұратындарға практикалық көмек көрсетеді және құқық қорғау органдарында облыс әкімінің, әкімдігінің, облыс әкімі аппаратының мүдделерін білдіреді; Құқық  қорғау  органдарында  облыс  әкімінің, облыс  әкімі  аппаратының,  облыс  әкімдігінің мүдделерін білдіреді. Мемлекеттік  органда  құқықтық  мәселелер бойынша  жалпыға  бірдей  құқықтық  оқытуды жүргізуді ұйымдастырады; Әкімдіктің,  облыс  әкімі  аппаратының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді; Ақпараттық  қауіпсіздік  бойынша  сақтау шараларын қамтамасыз етеді. Қазақстан  Республикасының  заңнамасына сәйкес  өзге  де  өкілеттіктерді  жүзеге  асырады. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.10.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.10.2024 – 10.10.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4,

Анықтама алу үшін байланыс

87474261772, 87785148854