Алматы облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары, (индекс: 01-3)
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
ихтиология және балық шаруашылығы
Функционалды міндеттер
3.1. Жануарлар дүниесі бөлімінің, жобаларды экологиялық сараптама және табиғатты қорғау бағдарламалары бөлімінің және ведомстволық бағынысты жануарлар дүниесін қорғау бойынша жедел қызмет коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, әкімнің шешімдері мен өкімдерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, басқарма басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларын орындау жөніндегі қызметін үйлестіруді, атқарылған жұмыс туралы есептерді дайындауға жетекшілік етеді. 3.2. Жетекшілік бойынша құрылымдық бөлім мен басқарманың жұмысын жоспарлауға қатысады, жұмыс жоспарларының орындалуын үйлестіруді жүзеге асырады. 3.3. Жетекшілік бойынша бөлім мамандарының жоғары тұрған органдардан келіп түсетін құжаттарды уақтылы орындауын қамтамасыз етеді. 3.4. Жетекшілік бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен бөлім мамандарының жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады. 3.6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-шараларды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асырады. 3.7. Жануарлар дүниесі бөлімі, жобаларды экологиялық сараптама және табиғатты қорғау бағдарламалары бөлімі мамандарының Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен уақтылығын үйлестіруді жүзеге асырады. 3.8. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды уақтылы және толық қамтуды қамтамасыз етеді, Мемлекеттік қызметке алғаш кіргендер үшін басқарма қызметшілеріне тәлімгерлік, тағылымдама, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 3.9. Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес азаматтардың жеке мәселелері бойынша хаттарын, шағымдарын қарайды және қабылдауды жүзеге асырады. 3.10. Мемлекеттік органдар, олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері мен лауазымды адамдары арасында ақпараттық алмасу шеңберінде келіп түскен қызметтік құжаттар мен құжаттарды заңнамада белгіленген тәртіппен қарайды; 3.11. Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді; 3.12. Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етеді; 3.13. Құзыреті шеңберінде келіп түскен мемлекеттік, қызметтік құпияларды қамтитын құпия ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді; 3.14. Басқармада құрылатын комиссиялардың жұмысына қатысады; 3.15. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтайды; 3.16. Өз өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерді, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кір келтіретін әрекеттерді жасаудан бас тартады. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87474261772, 87785148854