Алматы облыстық сәулет және қалақұрылыс басқармасы басшысының орынбасары, (индекс: Р-4)
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
1. Өз құзыреті шегінде облыс аумағындағы елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларының аумақтарын қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (облысты немесе оның бір бөлігін аудандық жоспарлау жобасын) іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру; 2. Облыстық мәслихатқа ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын (аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ халықтың есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі, қалалық мәслихаттар мақұлдаған облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларының жобаларын бекітуге ұсыну; 3. Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуы үшін жеке жауапкершілікте болады; 4. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді және оның құзыретіне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды; 5. Елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) бекіту және іске асыру. 6. Басқарма тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылайды және қадағалайды. 7. Пайдалануға берiлетiн объектiлердi (кешендердi) заңнамада белгiленген тәртiппен қабылдау және тiркеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру; 8. Тарихи және мәдениет ескерткіштерді, мемлекеттік қорық қоры объектілерін сақтауға байланысты норматитік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады және ұсыныстар еңгізеді; 9. Құрылысы аяқталған нысандарды қолданысқа қабылдауға есеп және мониторинг жүргізу; 10. Елді мекендердің топотүсірілім және бас жоспармен қамтамасыз ету бойынша басқарма бастышысына ұсыныс беруге; 11. «Мекен-жай тіркелім» бағдарламасын іске асырылуына бақылау жасауды жүзеге асырады; 12. Облыстың елді мекендерінің шекаралары шегінде Қазақстан Республикасының орман қорына кірмейтін көгалдандыру екпелерін құру, күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын облыстық мәслихатқа бекітуге ұсыну; 13. Сәулет, қала құрылысы, құрылыс, құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 14. Қазақстан Республикасына кепілдікпен берілетін мемлекеттік қаражат және инвестициялық кредиттер, тікелей инвестициялар және басқа да көздер есебінен қаржыландырылатын объектілердің сәулет-қала құрылысы құжаттамасын әзірлеуге тендерлерді (конкурстарды) ұйымдастыру және өткізу, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізу; 15. Басқарма қызметкерлері арасында еңбек және атқарушылық тәртіптің, қызметтік әдептің сақталуын бақылайды және нығайтуға бағытталған тәрбиелік алдын алу іс-шараларын жүргізеді; 16. Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес, азаматтардың хаттары мен шағымдарын қарайды және жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді; 17. Кіріс – шығыс хат хабарларды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркелуін, оларды қарау нәтижелері туралы ай сайын тиісті органға тапсырылуын бақылау және қадағалау. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87474261772, 87785148854