Алматы облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, (индекс:Р-5)

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-2 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Сәулет
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Құрылыс

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

Басқарма  басшысына  тікелей  бағынады  және  басшы  тарапынан  берілген бұйрықтар  мен  нұсқауларды  орындайды;  тікелей  жетекшілік  ететін құрылымдық  бөлімшелер:  коммуналдық  шаруашылық  нысандарының құрылысы бөлімі; Жобалау-техникалық бөлімі қызметтерін ұйымдастырады және  жоспарлайды  қызметін  ұйымдастырады  және  жоспарлайды,  тұрақты қадағалауды  жүзеге  асырады  және  басшылық  алдында  жауапты  болады; басқарма  қызметкерлеріне  тапсырмалар  береді,  олардың  уақытылы  әрі сапалы орындалуын қадағалайды, жалпы тиісті орындаушылық және еңбек тәртібін  қамтамасыз  етеді;  басқарма  құзыретіне  кіретін  сауалдар  бойынша жоғары тұрған органдар және лауазымды тұлғалармен, өзге мекемелер және ұйымдармен  өзара  іс-қимылды  ұйымдастырып,  ақпарат  пен  анықтама материалдарының  жинақтап  қорытылуын  бақылайды  және  қамтамасыз етеді, басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің іс-әрекетін жоғары тұрған органдар  мен  лауазымды  тұлғалардың,  басқарма  басшылығының тапсырмалары,  бұйрықтары  мен  нұсқауларын  орындауға  бағыттайды; құрылыс  саласында  мемлекеттік  саясатты  жүргізеді;  мемлекеттік бағдарламалардың  және  облыстың  даму  жоспары  көрсеткіштерінің орындалуына  бақылау  жасайды;  бекітілген  кесте  және  қаржыландыру жоспарына сәйкес құрылыс жұмыстарының ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;  басқарманың  құрылыс  нысандарына  рұқсаттың  уақытылы  алынуына бақылауды жүзеге асырады; басқарма құрылысы бойынша техникалық және авторлық  қадағалау  міндеттемелерінің  орындалуына  бақылауды  жүзеге асырады; басқармада,  аудан  және  қала  әкімдіктерінде  (құрылыс  бөлімдері)  құрылыс жұмыстарына  шарттардың  уақытылы  бекітілуін  қадағалайды;  алдағы қаржылық  жылға  жергілікті  бюджетті  анықтау  кезеңінде  салынып  жатқан кұрылыс нысандары бойынша қаржылық жоспарлауға келісім беруді жүзеге асырады;  мониторингті  қамтамасыз  ету  мақсатында  бюджеттік  бағдарлама бойынша  құрылыс  жұмыстарына  және  бюджеттік  қаржылардың  мақсатты игерілуіне  бақылауды  жүргізеді;  құрылыс  нысандары  бойынша  басқарма шеңберінде  және  құрылыс  саласына  жетекшілік  ететін  облыс  әкімінің орынбасарының  төрағалығымен  өткізілетін  жиналыстарға  қатысады  және аталған  жиналыстардың  өткізілуін  ұйымдастырады;  салынып  жатқан құрылыс  нысандары  бойынша  шығу  жиналыстарын  өткізеді;  басқарманың, аудан  және  қала  әкімдіктерінің  (құрылыс  бөлімдері)  ай  сайынғы  талдау жүргізу  және  бюджеттік  қаражат  мәліметтерін  бақылауларын  қамтамасыз етеді;  басқарманың  басқа  функцияларына,  қажет  болған  жағдайда өзге жұмыстары  мен  қоғамдық  шараларына  қатысады;  Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген мемлекеттік қызметшілердің өзге де міндеттері. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 13.09.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.09.2024 – 18.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87474261772, 87785148854