Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы (индекс: 01-01-4)
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық
- Құқықтану
- Экономика
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
Қосымша талаптар
Функционалды міндеттер
1) Басқарма қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді; 2) Басқарманың міндетіне кіретін құқықтық актілердің, шарттардың, қосымша келісімдердің, меморандумдардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ басқа да заңды сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады, сондай-ақ оларды келіседі; 4) Басқарма басшылығының тапсырмасы бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды дайындайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді үйлестіреді; 5) Басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде сотта, құқық қорғау органдарында, қадағалау, бақылау және аудиторлық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ басқа да ұйымдарда Басқарманың және (немесе) оның қызметкерлерінің мүдделерін белгіленген тәртіппен білдіреді және қорғайды; 6) Басқарма қызметкерлеріне кеңес береді және құқықтық көмек көрсетеді, оларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқық нормаларын түсіндіреді және Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңды қорытынды (қажет болған жағдайда) береді; 7) Дауларды реттеу бойынша сотқа дейінгі тәртіппен шаралар қабылдайды және наразылық жұмыстарын жүргізеді; 8) Шарттар, банк кепілдіктері, сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған кезде мердігер ұйымдарға, қосалқы мердігер ұйымдарға, жеткізушілерге, тасымалдаушыларға, жеке әріптестерге, Екінші деңгейдегі банктерге, сақтандыру ұйымдарына және басқа да тұлғаларға экономикалық ықпал ету шараларын қолданады; 9) Басқарма қызметкерлерінің қызметтік жазбалары негізінде мердігер ұйымдарға, консорциум қатысушыларына, қосалқы мердігер ұйымдарға, жеткізушілерге, тасымалдаушыларға, жеке әріптестерге, Екінші деңгейдегі банктерге, сақтандыру ұйымдарына және басқа да адамдарға оларды мемлекеттік сатып алуға, мемлекеттік жекешелік әріптестікке жосықсыз қатысушы деп тану, шартты бұзу, соманы мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы талап қоя отырып, сотқа жүгінеді, оның ішінде жол қозғалысын реттеудің негізгі құралдарын, техникалық құралдарын бүлдірген (ұрлаған) адамдардан регрессиялық тәртіппен, басқару балансында немесе Басқару мазмұнында; 10) Сотқа Басқарманың өкілі ретінде қатысады; 11) Жоғары тұрған лауазымды адаммен келісу тәртібін сақтай отырып, барлық сот сатыларында, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына және (немесе) Қазақстан Республикасының Конституциялық сотына дейін басқарманың пайдасына қабылданбаған барлық сот актілеріне шағымдану жөнінде уақтылы шаралар қабылдайды және қажет болған жағдайда қадағалау тәртібімен наразылық келтіру туралы өтінішхатпен прокуратура органдарына жүгінеді, шағымдану рәсімдерін тоқтату туралы Басқарма басшылығының қарары болған жағдайларды қоспағанда; 12) Басқарманың пайдасына қабылданған заңды күшіне енген сот актілерін, нотариустардың атқарушы жазбаларын және сот орындаушыларының қаулыларын орындау жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді; 13) Басқарма басшылығына басқарма қызметін, жолаушы тасымалдау, автомобиль жолдарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ақпарат енгізеді; 14) Алматы облысы әкімінің аппаратымен және оның құрылымдық бөлімшелерімен басқарманың қызметіне және функционалдық міндеттеріне қатысты мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау. 15) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде көзделген тәртіппен және мерзімдерде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды, ауыртпалық түсіретін әкімшілік актілерді қабылдау кезінде тыңдау жүргізеді, олар бойынша жауаптар дайындайды, оларды Басқарма басшылығына қол қоюға енгізеді, олардың құжат айналымы жүйесінде тіркелуін және өтініш берушілерге жіберілуін қамтамасыз етеді; 16) Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін объектілерді салу, реконструкциялау бойынша жобалау-іздестіру жұмыстарына смета дайындауға қатысады. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87474261772, 87785148854