Алматы облысы туризм басқармасының қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыру бөлімінің басшысы, (индекс:03-1)

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Туризм
  • Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету
  • Мәдени-тынығу жұмысы
  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп және аудит

Қосымша талаптар

бизнес,  басқару  және  құқық 

Функционалды міндеттер

  1. уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді; 2. туризм саласындағы  бірлескен  қызметті  іске  асыру  шеңберінде  тікелей шарт жасасу арқылы туристік ақпараттық орталықтарды қаржыландырады; 3. мемлекеттік қызметтердің уақытылы және сапалы көрсетілуіне бақылауды жүзеге асырады; 4. басқарманың бухгалтерлік есебі бойынша құжат айналымын жүргізеді; 5. бюджетке төлемдерді толық көлемде аудару бойынша есептерді уақтылы дайындайды; 6.  мемлекеттік  мекеменің  қызметкерлеріне  жалақыны  және  басқа  да төлемдерді уақытылы есептейді және төлейді; 7.  «Қазынашылық  клиенті»  АЖ  арқылы  құжаттарды  өңдеуді  жүзеге асырады;  8. мемлекеттік бюджетке төлемдер, салықтар есептеп, аударады; 9. басқарманың қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізеді; 10. басқарманың қаржы құралдарының тиімді қолдануын қамтамасыз етеді; 11. басқарманың ақша құралдарын, есептерін, материалдық құндылықтарын есепке  алуға  қатысады,  есепке  алу  нәтижесін  дер  кезінде  және  дұрыс анықтайды, оларды есепке кіргізеді; 12. жауапты сақталуындағы құндылықтарды сақтау және есепке алу мәселесі бойынша материалдық жауапты адамдарға нұсқама өткізеді; 13.  басқарманың  негізгі  құралдардың,  қымбат  емес  және  тез  тозатын заттардың,  материалдық  құндылықтардың,  есепке  алынатын карточкалардың есебін жүргізеді;                 14.  активтерді,  қымбат  емес  және  тез  тозатын  заттарды,  т.б.  материалдық құндылықтарын  сақтау  және  пайдалану  орындарында  сақтауға  бақылау жүргізеді; 15. есеп және есеп берушілік мәселесі бойынша ережелерді, нұсқамаларды, әдістемелік нұсқамаларды, тағы басқа бухгалтерлік қызметтің құзырлығына жататын нормативтік құжаттарды жүйелік есепке алуын жүргізеді; 16. бухгалтерлік құжаттарды, оларға есептерді және тағы басқа құжаттарды сақтау, оларды белгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсырады; 17. бөлімнің тоқсандық жұмыс жоспарларын әзірлейді; 18. бөлімнің жұмысын  ұйымдастыру,  бөлімге  жүктелген  міндеттердің орындалуына жауапты; 19.  жоғарыда  тұрған  бюджеттің  әкімшісі  болып  табылатын Министрліктерге,  облыстық  қаржы,  экономика  және  бюджеттік  жоспарлау, статистика, салық органдарына, қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасына, қазынашылыққа есептер мен ақпараттарды тапсырады;  20.  басшылық  жасайтын  мәселелер  бойынша  бөлімнің  жұмысы  туралы ақпараттар мен есептерді дайындайды; 21.  шығыс  сметасының,  бюджеттік  бағдарламалардың  қаржыландыру жоспарының орындалуын бақылайды; 22. бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы ақпараттар мен есептерді дайындайды; 23.бюджеттік бағдарламалардың орындалуына талдау жүргізеді; 24. бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жоспарын құрастырады және  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізеді,  сонымен  бірге  оларды бюджеттің орындалуы бойынша уәкілетті органға тапсырады; 25. штат кестесіне және тарификациялық тізілімдеріне түзетулер енгізеді; 26.  бюджеттің  уақытылы  орындалуын,  бағынышты  мекемелердің  қаржы-шарушылық  қызметін,  материалдық  құндылықтардың  жылжуын, мемлекеттік  сатып  алу  бойынша  құжаттардың  дайындалу  барысын қадағалайды; 27. бюджет қаражатын жоспарлы бөлуді және жұмсауды, бюджеттік, төлем және қаржы тәртібін орындауды қамтамасыз етеді; 28.  уәкілетті  органмен  келісу  бойынша  күтіп-ұсталуы  кезіндегі шығындардың  бір  бөлігі  өтелетін  санитариялық-гигиеналық  тораптардың тізбелерін бекітеді; 29.  басқарманың  және  ведомстволық  бағыныстағы  мемлекеттік  мекемелер мен ұйымдардың барлық бюджеттік бағдарламалары бойынша әрбір келесі жылға арналған бюджеттік өтінімдерді қорғауға дайындық; 30.  «Documentolog»  АЖ,  «Е-лицензия»  АЖ,  «Е-Өтініш»  АЖ,  «Е-Қызмет» АЖ,  «Protocol»  АЖ,  «ИПГО»  АЖ,  «Сот  кеңсесі»  АЖ  басқа  да бағдарламалары арқылы бөлімге келіп түскен құжаттарды қарайды, олардың белгіленген мерзімге сәйкес орындалуын бақылайды; 31.  халықаралық,  республикалық,  өңірлік  туристік  көрмелерге,  роуд-шоуларға,  воркшоптарға  қатысу  жолымен  облыстың  туристік  әлеуетін ілгерілетеді; 32.  халықаралық,  республикалық,  өңірлік  туристік  іс-шараларға (көрмелерге) қатысады; 33. бөлімнің жұмысына жалпы басшылық пен бақылау жасайды; 34. кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялайды; 35. тиісті сот талқылауына әкеп соқтырған негізгі себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында басқармамен қатысуымен даулар бойынша талап арыз жұмысының,  сот  тәжірибесінің  жай-күйін  талдау  және  оларды  жою  мен кінәлі  лауазымды  тұлғаларды  жауапкершілікке  тарту  жөнінде  ұсыныстар енгізеді; 36.  салық  органдарына  қызметкерлердің  табысы  мен  мүлкі  туралы  жыл сайынғы декларацияның тапсырылуын бақылауды қамтамасыз етеді; 37.  «Рұқсаттар  және  хабарламалар  туралы»  Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсетілуін қамтамасыз етеді;  38.  мемлекеттік  әкімшілік  қызметшілердің  қызметін  бағалау,  конкурстық іріктеу,  мемлекеттік  қызметшілерді  жоғарылату,  қызметтік  тергеу, мемлекеттік  қызметшілерді  тәртіптік  жауапкершілікке  тарту,  мемлекеттік қызметшілерді  жұмысқа  қабылдау,  жұмыстан  босату  бойынша  құжаттарды дайындауды қамтамасыз етеді; 39.  мемлекеттік  қызметшілерді  тағылымдамадан  өтуді,  тәлімгерлік  етуді, оқытуды,  жұмысын  бағалауды,  оларды  оқытуды,  қайта  даярлауды  және біліктілігін арттыруды белгіленген мерзімдерге сәйкес ұйымдастырады; 40.  заңнамалық  актілерде  көзделген  жағдайда  басқарманың  құзыретiне жататын  құқықтық  мәселелер  бойынша  басқарманың  атынан  түсiнiктеме дайындайды; 41. қызметіне қатысты қызметкерлердің жеке істеріне өзгерістер енгізеді; 42. қызметкерлердің еңбек кітапшаларын толтырады және жүргізеді; 43. қызметкерлердің келуі, кетуі, болмауы туралы кестені жүргізеді;  44.  қызметкерлердің  әскери  есебін  және  әскери  комиссариаттармен салыстыруды жүргізеді; 45. жеке құрам бойынша есептерді дайындайды және басқарма басшысына ұсынады; 46.  Қазақстан  Республикасының  «Мемлекеттік  сатып  алу»  Заңына  сәйкес басқарманың мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарын жүргізеді және тиісті құжаттардың дайындалуын үйлестіреді; 47.  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  қайшы  келмейтін  өзге  де міндеттерді жүзеге асырады. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.08.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

02.09.2024 – 04.09.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87474261772, 87785148854