Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қон жүйелері және мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы, (индекс: 4-6)

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқық және экономика негіздері
  • Шетел тілі: екі шетел тілі
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Аймақтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Қаржы
  • Жобаны басқару
  • Бухгалтерлік есеп және аудит
  • Мемлекеттік басқару
  • Қаржы және кредит
  • Бухгалтерлік есеп
  • Құқықтану

Қосымша талаптар

қызмет көрсету  және/немесе халықаралық құқық  және/немесе  юрист және/немесе экономист және/немесе/ шет тілі

Функционалды міндеттер

Бөлімнің бас маманы лауазымдық міндеттерін орындау үшін мемлекеттік әкімшілік қызметші ретінде "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабында белгіленген міндеттерді және мынадай функционалдық міндеттерді атқаруға тиіс: 1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен бекітілген әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді; 2. "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" ҚР Заңының сақталуын қамтамасыз етеді; 3. стандарттармен бекітілген Ережелерге сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру бойынша жауапты тұлға болып табылады; 4. бекітілген нысан бойынша шетелдік жұмыс күшіне қажеттілікті жинақтауды және шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қарауына енгізуді жүзеге асырады. Алдағы жылға Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінімнің уақтылы берілуін қамтамасыз етеді; 5. басқарма қызметкерлеріне заң мәселелері бойынша кеңес береді; 6. басқармаға қойылатын немесе Басқарма ұсынған талаптарды қарау кезінде сот органдарында басқарманың құқықтарын, мүліктік және өзге де заңды мүдделерін құқықтық құралдармен қорғайды; қажетті іс жүргізу құжаттарын дайындауға қатысады; 7. құқықтық жұмыс бойынша есептер мен ақпараттар дайындауға қатысады; 8. басқарманың әділет органдарындағы қызметіне қатысты Алматы қаласы әкімінің, әкімдігінің, мәслихатының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді жүргізеді; 9. белгіленген тәртіппен Басқармаға келіп түсетін прокурорлық ден қою актілерін және басқа да уәкілетті органдарды қарайды; 10. басқарманың шарттарының, келісімшарттарының, келісімдерінің жобаларын қарайды, олар бойынша қорытындылар береді, олардың қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкестігін тексереді, оларға бұрыштама қояды; 11. келіп түскен сұраныстарға сәйкес салық органына және басқа ұйымдарға шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді тоқсан сайын беруді қамтамасыз етеді; 12. Басқарма басшысының кеңес қорытындысы бойынша тапсырма хаттамасын толтырады; 13. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың хаттарын, шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз етеді; 14. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау. 15. жұмыс барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының "Documentolog" электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі, "eOtinish", "Е-Қызмет", "ШЖК" азаматтарының барлық өтініштерін қабылдау және өңдеу үшін бірыңғай алаң, Word, Excel, Internet және т. б. офистік бағдарламалар ақпараттық жүйелерін пайдаланады.                             «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 02.08.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.08.2024 – 13.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87474261772