Алматы облысының туризм басқармасының инфрақұрылымды дамыту және туристік жобаларды жүзеге асыру бөлімінің бас маманы, (индекс: 02-3)
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Тарих
- География
- Халықаралық қатынастар
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Туризм
- Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету
- Мәдени-тынығу жұмысы
Қосымша талаптар
бизнес, басқару және құқық
Функционалды міндеттер
- Алматы облысы аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және үйлестіруді жүзеге асырады; 2. облыстағы туристік қызметті үйлестіру мақсатында туризмнің даму көрсеткіштері бойынша мониторинг және туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жүргізеді; 3. облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді; 4. «Documentolog» АЖ, «Е-Өтініш» АЖ, «Protocol» АЖ, «ИПГО» АЖ және тағы басқа да бағдарламалары бойынша бөлімге келіп түскен құжаттарды қарайды, орындайды, олардың белгіленген мерзімге сәйкес орындалуын бақылайды; 5. Алматы облысы аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді; 6. халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды; 7. уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі ісшаралар жоспарын бекітеді; 8. туристік инфрақұрылымды дамытуға ықпал ету мақсатында нақты ұсыныстарды әзірлейді және ұсынады; 9. туристік саланың негізгі көрсеткіштері бойынша облыстық статистика органымен өзара әрекеттесуді қамтамасыз етеді; 10. Алматы облысында туристік кластерді дамытуға ықпал етеді; 11. туристерге қосалқы қызмет көрсететін ұйымдармен, сонымен қатар ішкі және экологиялық туризмді дамытуда табиғатты қорғау мекемелерімен өзара әрекеттеседі; 12. халықаралық, республикалық, өңірлік туристік іс-шараларға қатысады; 13. туристік іс-шараларды өткізуге бөлінетін бюджеттік қаражатты тарту арқылы туристік іс-шараларды және сайыстарды, сонымен қатар ішкі туризмді дамытуға арналған өзге де іс-шараларды өткізеді және қатысады; 14. Қазақстан Республикасындағы туризм мәселелері бойынша нормативтікқұқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындайды; 15. облыстық туристік іс-шаралардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және туристік ұйымдар қызметкерлерін дипломдармен, грамоталармен, құнды сыйлықтармен марапаттау мәселелерін белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырады; 16. халықаралық, республикалық, өңірлік туристік көрмелерге, роудшоуларға, воркшоптарға қатысу жолымен облыстың туристік әлеуетін ілгерілетеді; 17. Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің туризм саласының өкілдерімен туристік әлеует туралы өзара ақпарат алмасады; 18. облыстың туризм саласын дамыту үшін туристік іс-шаралардың, ақпараттық турлардың, жарыстардың, слеттердің, альпиниадалардың, оқужаттығу жорықтарының және басқа да іс-шараларды ұйымдастырады; 19. БАҚ және интернет-ресурстар арқылы облыстың туризмін және туристік қызметін ілгерілету бойынша жұмыс жүргізеді; 20. уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекітеді; 21. Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де міндеттерді жүзеге асырады. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Жарияланған күні: 31.07.2024
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
01.08.2024 – 09.08.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87474261772