Алматы облысының жер қатынастары басқармасының ақпараттық қауіпсіздік бойынша бас маманы, (индекс: 01-4)
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
1). Жер қорына қатысты ақпараттарды (геопортал, МККН, МЖК ААЖ) қарау бойынша WEB-ресурстарға қосуды, баптауды ұйымдастырады; 2). ақпараттық жүйелермен жұмыс кезінде ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын бақылау және мониторинг жүргізу; 3). шағымдар мен өтініштер, сондай - ақ электрондық үкімет-eGov, жария кадастрлық карта арқылы жер учаскелерін беру қызметі бойынша ақпараттық жүйелердің деректерін жинауға, талдауға қатысады; 4). ақпараттық жүйелерден жер учаскелері бойынша деректерді жинау, қарау кезінде облыстың аудандары мен қалаларының уәкілетті органдарының қызметкерлеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді; 5). электрондық деректер (векторлық қабаттар - kml, shp) келіп түскен кезде сұрау салынатын жер аумақтары бойынша жиынтық ақпаратты одан әрі жинақтау және жасау үшін ақпараттық жүйеге енгізеді; 6). жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, шағымдарын, өтініштерін және арыздарын қарастырады, сондай-ақ, жоғары тұрған ұйымдардан келіп түсетін бақылаудағы және басқа құжаттарды мерзімінде орындайды. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87474261772