Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қон жүйелері және мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы, индекс:4-2

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқық және экономика негіздері
  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Жобаны басқару
  • Бухгалтерлік есеп және аудит
  • Мемлекеттік басқару
  • Бухгалтерлік есеп
  • Құқықтану

Функционалды міндеттер

  1. құзыреті шегінде облыс әкімінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, басқа да жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарының, қаулыларының, шешімдерінің, облыстық басқару алқасының бұйрықтары мен шешімдерінің, лауазымдық нұсқаулықтардың орындалуын қамтамасыз етеді; 2. бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті бөлімдерімен, облыстық департаменттермен, басқармалармен және басқа да органдармен өзара іс-қимыл жасайды; 3. бекітілген стандарттарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді; 4. шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру бойынша жауапты тұлға болып табылады; 5. бекітілген нысан бойынша шетелдік жұмыс күшіне қажеттілікті жинақтауды және шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру жөніндегі комиссияның қарауына енгізуді жүзеге асырады; 6. алдағы жылға Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне шетелдік жұмыс күшін тартуға өтінімнің уақтылы берілуін қамтамасыз етеді; 7. шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттарды алуға, ұзартуға және қайта ресімдеуге, ресімдеудің толықтығы мен дұрыстығына, белгіленген мерзімде қарауға жұмыс берушілер ұсынған құжаттарды тексереді; 8. шетелдік жұмыскердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі мен сериясы өзгерген жағдайда шетелдік жұмыс күшін тартуға бұрын берілген рұқсатты қайта ресімдеуді және шетелдік жұмыс күшінің рұқсатын тартуға, ұзартуға және қайта ресімдеуге берілген рұқсаттарды уақтылы дайындауды қамтамасыз етеді; 9. уәкілетті органның қабылданған шешімі туралы жұмыс берушіге хабарлама жіберуді қамтамасыз етеді, жұмыс беруші рұқсат бергені үшін алымның енгізілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін уақтылы ұсынған кезде рұқсаттарды көрсетілген мерзімдерде жұмыс берушіге жібереді, рұқсат бергені үшін салық алымының енгізілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін қарайды және қабылдайды; 10. келіп түскен сұраныстарға сәйкес салық органына және басқа ұйымдарға шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттар туралы мәліметтерді тоқсан сайын беруді қамтамасыз етеді; 11. бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер, кездесулер ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді. Аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен және халықты жұмыспен қамту орталықтарына әдістемелік көмек көрсетеді; 12. аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімдерге еңбекші мигранттар мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз етеді; 13. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес азаматтардың хаттарын, шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз етеді. 14. жұмыс барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының «Documentolog» электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі ақпараттық жүйелерін, «e-Otinish» , «Е-Қызмет», «Қандас», «ШЖК», «easyproject.com», Word, Excel, Internet және т. б. кеңсе бағдарламаларды пайдаланады. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.06.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.06.2024 – 09.07.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87471177317