Алматы облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының арнаулы әлеуметтік қызметтерді үйлестіру және әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің бас маманы, индекс:3-2

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқық және экономика негіздері
  • Құқықтану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлеуметтік жұмыс
  • Қаржы
  • Жобаны басқару
  • Бухгалтерлік есеп және аудит
  • Мемлекеттік басқару
  • Қаржы және кредит
  • Бухгалтерлік есеп
  • Құқықтану

Функционалды міндеттер

  1. өз құзыреті шегінде облыс әкімінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, басқа да жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтарының, қаулыларының, шешімдерінің, облыстық басқарма мен әкімдік алқасының бұйрықтары мен шешімдерінің, лауазымдық нұсқаулықтардың орындалуын қамтамасыз етеді; 2. бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тиісті бөлімдерімен, облыстық департаменттермен, басқармалармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді; 3. арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады; 4. мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі Іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді, мүгедектерді оңалту бағдарламасын, оңалту бағдарламасының қабылданған іс-шараларын орындауды уйлестіреді, жиынтық ақпарат дайындайды; 5. мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсыну, кәсіптік оңалту жұмыстарын үйлестіреді; 6. стационар, уақытша болу жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді, есептер, мәліметтер қабылдауды және жинақтауды, жоғары тұрған органдарға ұсынуды жүзеге асырады; 7. стационар, уақытша болу жағдайында және арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің қосымша көлемін көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру үшін қажетті қаражатты жоспарлауды жүзеге асырады. Техникалық ерекшелігін әзірлейді. Бюджет қаражатының игерілуіне, қайтарылуына мониторинг жүргізеді. 8. аудандардағы үйде қызмет көрсету бөлімшелерінің жұмысын үйлестіру; 9. әлеуметтік қызметкерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды үйлестіреді; 10. басқарма қарамағындағы ұйымдардың әлеуметтік қызметкерлерін аттестаттаудан өткізілуін үйлестіреді; 11. басқарма қарамағындағы мекемелердің жылыту маусымына дайындық жұмыстарын үлестіреді; 12. басқарма қарамағындағы ұйымдарда мереке күндері кезекшіліктің ұйымдастырылуын үйлестіреді; 13. өмірлік қиын жағдайға тап болған тұлғаларға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығында арнаулы әлеуметтік қызмет алатын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар бойынша мәліметтер жинауды қамтамасыз етеді және Министрлікке жолдайды; 14. «Жанұя» отбасын қолдау орталығының қызметін үйлестіреді, қызметтер қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз етеді, есептер, мәліметтер қабылдауды және жинақтауды, жоғары тұрған органдарға ұсынуды жүзеге асырады; 15. жобалық басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды, көрсеткіштердің орындлауын қамтамасыз етеді, мониторингті жүзеге асырады, оларға қол жеткізу бойынша ұсыныстар енгізеді және жоғары тұрған органдарға ақпарат береді. Жобалық басқару бойынша «Easyproject. сом» ақпараттық жүйесін толтыруды қамтамасыз етеді, есептер қалыптастырады және оларды жоғары тұрған органға ұсынады; 16. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, азаматтардың хаттары мен шағымдарын қарайды; 17. жұмыс барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының «Documentolog» электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі, азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеуге арналған бірыңғай алаң «E-Otinish», «Е-Қызмет», «Е-собес», «Easyproject.com», Word, Excel, Internet және т.б. кеңселік бағдарламаларды қолданады. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.06.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.06.2024 – 09.07.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87471177317