Алматы облысы Алатау қаласының жер қатынастары бөлімінің бас маманы, индекс: ОЗОГА-1

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

E-R-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

243696

Жалпы біліктілік талаптары

E-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мамандығы

  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Геодезия және картография
  • Жерге орналастыру
  • Кадастр
  • Бағалау
  • Геодезия

Қосымша талаптар

Функционалды міндеттер

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметті уақытылы және сапалы орындау; Ауыл шаруашылық емес мақсаттағы жерлерді сауда-саттықта (конкурстар, аукциондарда) жүргізуді ұйымдастыру. Мемлекеттік меншіктен сауда-саттықты (конкурстарды, ауқциондарды) қажет етпейтін жерлерді беру туралы шешім қабылдау туралы рұқсат беру құжаттарын уақытылы және сапалы орындау; Қала аумағында ауыл шаруашылығы нысанындағы жер телімдерінен басқа пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерді, осы бұзушылықтар бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарына ақпарат бере отырып, анықтау жатады. Қаланың жергілікті атқарушы органының жеке тұрғын үй құрылысы, ауылшаруашылық, өнеркәсiп, көлiк, байланыс, қорғаныс жерi және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі қорытындысын, ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау. Мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау. Жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру. Жол бойы белдеулерінде жол бойы қызметі объектілерін немесе қолжетімді болуы үшін кіреберіс талап етілетін жағдайда олардын тыс жерлерде объектілерді орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешім қабылдау туралы рұқсат беру құжаттарын уақытылы және сапалы орындау; Қалалық жер балансын жасау; Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру мемлекеттік қызметтің талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындауды қадағалау. Қала аумағында ауыл шаруашылығы нысанындағы пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерді, осы бұзушылықтар бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарына ақпарат бере отырып, анықтау жатады. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау; Жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстар дайындау. «Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыруға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті уақытылы және сапалы орындау «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 20.06.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.06.2024 – 01.07.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Алатау қаласы, Құдайбергенов көшесі, 2а

Анықтама алу үшін байланыс

87076506656