Алматы облысы Алатау қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы,индекс: Р-1

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

E-R-1 (күші жойылды) (27.12.2024) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшылары

Орташа лауазымдық айлықақы

380389

Жалпы біліктілік талаптары

Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

 

Ескертпе: * – E-R-1 санатындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу кезінде, кандидатта ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі не бейіні бойынша доктор болған жағдайда, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкестігі міндетті емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мамандығы

  • Сәулет және құрылыс
  • Сәулет
  • Құрылыс

Қосымша талаптар

 өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс және/немесе қала құрылысы және шаруашылық

Функционалды міндеттер

Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізеді; Қаланың ресми интернет ресурсына толық және дәйекті ақпараттарды беруді және оның орындалуын жүзеге асырады. "Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсетеді. Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік қызметті көрсетеді. Аппарат жиналысында және әкімдік отырысына енгізілетін бөлімнің есебін дайындайды. Қала деңгейіндегі мемлекеттік қала құрылыстық кадастрды жүргізеді және ұйымдастырады, мемлекеттік қала құрылысы кадастр қызметін үйлестіреді және мемлекеттік нормативтерді қамтамасыз етеді. Алатау қаласы аумағындағы тұрғын үй құрылысының жүзеге асуына бақылау жасауды жүзеге асырады және ай сайынғы статистикалық есептің тапсырылуын қамтамасыз етеді; Сотта бөлімнің мүдделерін білдіреді және қорғайды, талап арыздарын қарайды және оларға пікір жазады «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 20.06.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.06.2024 – 01.07.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Алатау қаласы, Құдайбергенов көшесі, 2а

Анықтама алу үшін байланыс

87076506656