Алматы облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің бас инспекторы, индекс: СВА-4

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Бухгалтерлік есеп және аудит
  • Қаржы және кредит
  • Мемлекеттік аудит

Қосымша талаптар

Аудитор сертификаттың болуы.

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау. Бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындау. Мемлекеттік аудитті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікте жүргізу. Мемлекеттік аудит нәтижесінде алынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, оның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияға қатысты мәліметтерді жария етпеу. Қызметтік және кәсіптік этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттардың талаптарын сақтау. Жүктелген міндеттерді, тапсырмаларды, хаттамалық тапсырмаларды уақтылы, сапалы және толық көлемде орындау. Тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру процесін үйлестіру. Мемлекеттік аудит объектілеріне берілген ұсынымдардың орындалу процесін үйлестіру. Қызметтің атқарылған жұмысы туралы Басшылық үшін жыл сайынғы есепті, сондай-ақ Қызметтің жылдық және тоқсан сайынғы жұмыс жоспарлары мен оқыту жоспарын қалыптастыру процесін үйлестіру. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға олардың сапасын бақылау үшін жіберілетін құжаттардың ресімделуіне және мазмұнына мониторинг жүргізу. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі базаны уақтылы және сапалы толтыруды қамтамасыз ету. Алматы облысының мемлекеттік аудит және тәуекелдер жөніндегі кеңесінің отырысын дайындау процесін үйлестіру. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға жолдау үшін жүргізілген аудит бойынша материалдарға, есептік ақпаратқа мониторинг жүргізу және дайындау. Ішкі аудит қызметінің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарау және олар бойынша жауаптар дайындау. Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді атқару. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 17.06.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.06.2024 – 26.06.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87471177317