Алматы облысы Алатау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, индекс: Р-1
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
E-R-1 (күші жойылды) (27.12.2024) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшылары
380385
Жалпы біліктілік талаптары
Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
Ескертпе: * – E-R-1 санатындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу кезінде, кандидатта ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі не бейіні бойынша доктор болған жағдайда, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкестігі міндетті емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
- Құқық
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Менеджмент
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Еңбекті ұйымдастыру және нормалау
- Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі
- Әлеуметтік жұмыс
- Адам ресурстарын басқару
Қосымша талаптар
еңбек экономикасы мен социологиясы
Функционалды міндеттер
Бөлім қызметіне басшылық ету. Жұмыспен қамту, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік стратегияны іске асыру. Халықты әлеуметтік қорғау, тұрмысы төмен отбасыларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегін тағайындау, жалғыз басты қарттар мен мүгедектерге үйден әлеуметтік көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету жөніндегі заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілердің іске асырылуын бақылау. Қалалық жұмыспен қамту Орталығының жұмысын үйлестіру. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Алатау қаласы, Құдайбергенов көшесі, 2а
-
87076506656