Алматы облысы Алатау қаласы әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысы, индекс: ЮО-1

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

E-R-1 (күші жойылды) (27.12.2024) ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшылары

Орташа лауазымдық айлықақы

327919

Жалпы біліктілік талаптары

Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

 

Ескертпе: * – E-R-1 санатындағы аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу кезінде, кандидатта ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD) академиялық дәрежесі не бейіні бойынша доктор болған жағдайда, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкестігі міндетті емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Құқық қорғау қызметі
  • Құқықтану

Қосымша талаптар

 заң кеңесшісі және/немесе бизнес, басқару және құқық

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің және Үкіметінің Жарлығын, қаулыларды, облыс, қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін дер кезінде және сапалы орындауды бақылау; Қала әкімдігінің қаулысын, әкімнің шешім мен өкімін шығару кезіндегі заңдылықты сақтауды бақылау; Әкім мен оның орынбасарларына қаралуға берілетін қаулылар, шешімдер, өкімдер және басқа да құжаттардың заңға сәйкес келуін қадағалау; Мемлекеттік органдарда, сот, прокуратура және басқа органдарда құқықтық мәселелерді қарастыру барысында белгіленген тәртіп бойынша қала әкімі аппаратының мүддесін қорғау; Қала әкімі аппаратының міндеттерін және қызметтерін орындау барысында қаладағы кәсіпорын, мекеме, ұйым, комитет және бөлімдерден қажетті ақпараттарды, анықтамаларды, мәліметтерді алу; Сот, прокуратура және құқық қорғау органдары мен әкім аппаратының өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету; Қала әкімі аппараты мен қалалық бөлім қызметкерлерімен қолданылып жүрген заңдарды зерделеу семинарларын өткізуді ұйымдастыру; Ереже белгілейтін құқықтық актілерді әзірлеу және қала әкімі аппаратының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қалалық әділет басқармасына мемлекеттік тіркеуге жіберу; Бөлімде құжаттармен жұмыс істеуді үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілуін қадағалау; Қаладағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссияның құжаттарын жүргізу; Бөлімнің жұмысын жоспарлау мен ұйымдастыру; Қала әкімдігі мен әкімнің қабылдаған нормативтік құқықтық актілерін заң талаптарына сәйкес әділет органдарында тіркелуін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлықтары мен Заңдарын құқықтық насихаттауды ұйымдастыру; Иесіз қалған жылжымайтын мүлікті тіркеу. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 04.06.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.06.2024 – 13.06.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Алатау қаласы, Құдайбергенов көшесі, 2а

Анықтама алу үшін байланыс

87076506656