Алматы облысы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің 14.05.2025 ж. дейін бала күту демалысында болуына сәйкес), индекс: ФХО-3
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
D-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Қосымша талаптар
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Анықтама беру, кредиттік карточкамен жұмыс істеу. Кіріс және шығыс кассалық операцияларын жүргізу. Қаржыландыру жоспарларына өзгертулер енгізу. Материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау, жарамсыз материалдарды дер кезінде анықтау, дебиторлық және кредиторлық есепті жүргізу. Уәкілетті органдармен мемлекеттік сатып алу мәселелері жөнінде өзара іскер байланыста болу. Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен жұмысты қамтамасыз ету, сатып алынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы мен көлемін үйлестіру және мониторингін қалыптастыру. Облыс әкімінің аппараты өткізетін мемлекеттік сатып алулар процесін жүзеге асыру. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстарды ұйымдастыру, бөлім жұмысын ақпараттық жүйелермен бағдарламалық қамтамасыз ету. «В» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі
-
87471177317