Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасының телекоммуникациялар бөлімінің бас маманы, индекс: ОТ-4

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Ақпараттық жүйелер
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Автоматтандырылған басқару жүйелері

Функционалды міндеттер

Мемлекеттік әкімшілік қызметші өзінің лауазымдық міндеттерін атқару үшін "мемлекеттік қызмет туралы"Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес орындауға міндетті: бас маман тікелей бөлім басшысына бағынады; белгіленген талаптардың, қолданыстағы нормалардың, ережелер мен стандарттардың сақталуын қадағалайды; мемлекеттік органдардан оның лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сұратады; жоғары тұрған органдардан келіп түсетін хаттардың, тапсырмалардың, тапсырмалар мен ұсыныстардың уақтылы қаралуына бақылау жүргізеді; бөлімнің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін ақпарат беру және іс-шаралар өткізу үшін облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелеріне және бөгде ұйымдарға сұрау салулар дайындайды; тұрақты негізде өз қызметі саласында біліктілік дағдыларын арттырады; облыстың халқы мен елді мекендерін байланыс және интернетпен қамтамасыз етуге қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; Алматы облысында" цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс " ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі ісшаралардың орындалуын үйлестіру және бақылау; цифрландыру саласындағы мемлекеттік бағдарламаларда көзделген бағыттар мен жобалар бойынша цифрландыру жобаларын іске асыру; Алматы облысында іске асырылатын цифрландыру саласындағы жобаларды танымал ету бойынша іс-шаралар өткізу; бөлімнің құзыретіне жататын бағыттар мен салалар бойынша Алматы облысында мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, Алматы облысын дамыту бағдарламасының іске асырылуын қамтамасыз ету; Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру бойынша ұсыныстар әзірлеу; Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімінің, басқарма басшысының тапсырмаларын орындау бойынша анықтамалар, ақпараттар, талдамалық материалдар дайындау процесінде барлық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау; ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз ету; халықты интернетпен қамтамасыз ету бойынша мониторинг және талдау жүргізу. облыстың елді мекендеріндегі байланыс пен Интернеттің сапасын халықтың шағымдары негізінде тексеру.  «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 29.04.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.04.2024 – 13.05.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87471177317