Алматы облысының жер қатынастары басқармасының жер кадастры және мониторингі бөлімінің бас маманы, индекс: 03-2
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
282693
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Жерге орналастыру
- Құқықтану
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Геодезия және картография
- Топырақтану және агрохимия
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Кадастр
- Бағалау
Функционалды міндеттер
- облыстың жергілікті атқарушы органдарының жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады; 2. облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн салу (реконструкциялау) үшін, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу (реконструкциялау) үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстарына және шешiмдерiнiң жобаларына материалдарды дайындау жөніндегі жұмысты атқарады; 3.жоғары тұрған органдарға бекітілген нысандарға сәйкес есептерді жинақтайды және құрастырады; 4. облыстың жер кадастры және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) деректері негізінде облыстың жер балансын құрастыру бойынша жұмыстарын жүргізеді; 5. Алматы облысы бойынша жер реформасы барысында жерлерді қайтадан бөлу жөнінде ақпаратты дайындау; 6. бұзылған жерлерге түгендеу жұмыстарын жүргізу және оларды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау; 7.жер заңдылықтарын орындауға қатысты мәселелер бойынша сот процестеріне қатысады; 8. жер пайдаланушылар мен азаматтардың хаттарын, шағымдарын, өтініштерін және арыздарын қарастырады, сондай-ақ, жоғары тұрған ұйымдардан келіп түсетін бақылаулық және басқа құжаттарды мерзімінде орындайды; 9. жергілікті атқарушы органдарынан ұсынылған өтінімдерінің негізінде облыс бюджетінің жобасын құру мақсатында жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік өтінім дайындайды; 10. өз құзыреті шегінде облыстың аудан және қалалық жер қатынастары саласындағы өкілетті органдарына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді. 11. ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Жарияланған күні: 29.04.2024
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
30.04.2024 – 13.05.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі
-
87471177317