Алматы облысының жер қатынастары басқармасының жер кадастры және мониторингі бөлімінің басшысы, индекс: 03-1

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-3 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Геодезия және картография
  • Топырақтану және агрохимия
  • 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
  • Кадастр
  • Бағалау

Функционалды міндеттер

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулыларын, жер заңнамаларын, басқа да жоғарғы тұрған органдардың актілерін, облыс әкімінің қаулылары мен өкімдерін орындау және жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды бақылайды; 2. облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн салу (реконструкциялау) үшін, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу (реконструкциялау) үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 3. жер ресурстарын басқару саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу мәселелері бойынша бөлімнің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады; 4. аудандардың (облыстық маңыздағы қалалардың) деректері негізінде облыстың жер теңгерімі есебін даярлау және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне өткізуге қатысты жұмыстарды бақылайды; 5. облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; 6. жер кадастры жоспарын бекіту бойынша жұмыстарды бақылайды; 7. өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді бақылайды; 8. жергілікті атқарушы органдарынан ұсынылған өтінімдерінің негізінде облыс бюджетінің жобасын құру мақсатында жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттік өтінімдерін дайындау жұмыстарын бақылайды; 9. бұзылған жерлерге түгендеу жұмыстарын жүргізу және оларды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау жұмыстарын бақылайды; 10. қалалардың, аудандардың және ауылдық елді мекендердің әлеуметтік - экономикалық даму жөніндегі ақпаратты дайындау жұмыстарын бақылайды; 11. облыс бюджетіне жер салығынан, жерді жалға алудан, ауыл шаруашылық мақсатындағы емес жерлерді сатудан түскен қаржы туралы мәліметті жинау жұмыстарын бақылайды; 12. ауылдық аумақтар мониторингі бағдарламасы бойынша (жер ресурстары, № 2 үлгі) мәліметтер дайындау және тапсыру жұмыстарын бақылайды; 13. өз құзыреті шегінде жер заңнамасы талаптарын орындауға қатысты мәселелер бойынша сот процестеріне қатысады; 14. жер пайдаланушылар мен азаматтардың хаттарын, шағымдарын және арыздарын қарау жөніндегі ағымдағы жұмысты бақылайды; 15. ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау; 16. өз құзыреті шегінде облыстың аудан және қалалық жер қатынастары саласындағы өкілетті органдарына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсетеді. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 29.04.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.04.2024 – 03.05.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87471177317