Алматы облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының жастар саясатын іске асыру, ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы, индекс: ОРОИКМП-6
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Журналистика және ақпарат
- Құқық
- Тарих
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шетел тілі: екі шетел тілі
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Әлеуметтану
- Саясаттану
- Журналистика
- Экономика
- Есеп және аудит
- Халықаралық журналистика
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Қаржы
- География - Тарих
- Бухгалтерлік есеп және аудит
- Экономика және менеджмент
- Құқықтану
Функционалды міндеттер
Басқарманың мемлекеттік саясатын, оның ішінде басқарманың миссиясын, оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және бөлімнің жұмысына басшылық жасау; басқарманың миссиясы мен міндеттерін іске асыруға бағытталған нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу және оларды қабылдауды қамтамасыз ету; басқарманың миссиясын, оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға бағытталған басқарма «Ережесі» мен «Өңірлік жастар форумы» қаулыларының жобаларын әзірлеу және оларды қабылдауды қамтамасыз ету; басқарманың миссиясы мен оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне тікелей қатысты меморандумдарды, келісімдерді әзірлеу; бөлімнің міндеті аясында келісуге жолданған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау; басқарманың жылдық жұмыс жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету; жастар мен жастар ұйымдарының достық және іскерлік қарымқатынастарын дамытуға, тәжірибе алмасуына ықпал етуге бағытталған халықаралық жастар ұйымдарының іс-шараларына тартуды қамтамасыз ету; жастар ұйымдарымен бірлескен жұмысты ұйымдастыру; басқарманың міндетінде көзделген жастар арасында парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саясатын іске асыру және құқықтық профилактикалық бағыттағы шараларды ұйымдастыру; басқарма мен басқармаға қарасты «Жастар ресурстық орталығында» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен ішкі талдау жұмыстарын жүргізу; басқарманың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстары бойынша уәкілетті органдарға есептер өткізу; жоғары және орта арнаулы оқу орындары, аудандарда жастармен бірлесіп өткізілетін әр түрлі іс-шараларға («дөңгелек үстел», кездесулер, семинарлар, кеңестер) басқарма басшысының ұсынуымен басқарманың атынан өкілдік ету; басқарманың негізгі қызметінің мәселелері бойынша және бөлімнің құзыретіне қатысты сұрақтар бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру, «Е-өтініш» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасында жұмысты үйлестіру және ол бойынша уәкілетті органдарға есеп беру; бөлімге түскен хаттардың орындалуын бақылау және орындауындағы хаттарға жауап жобасын әзірлеу; басқармада персоналды басқару стратегиясын (қызметін) іске асыру бойынша облыс әкімі аппаратымен бірлесе жұмысты үйлестіру; бөлімнің міндеті аясында басқарма басшысының өндірістік қызмет және штаттан тыс қызметкерлер бойынша бұйрықтарының жобаларын әзірлеу; басқарманың құрылымы мен штаттық бірлігі жобасын әзірлеу, қызметкерлердің біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулықтары жобаларын әзірлеу жұмыстарын үйлестіру; мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау курсынан өткізудің жоспарларын әзірлеу және «Е-Қызмет» жүйесіне орналастыруды қамтамасыз ету; жеке жұмыс жоспарын әзірлеу және ондағы нысаналы мақсатты индикаторларға қол жеткізу; бөлім қызметкерлерінің жеке жұмыс жоспарындағы нысаналы мақсатты индикаторларға қол жеткізуіне тоқсан сайын мониторинг жүргізу; басқарма басшысының не оның міндетін атқарушы лауазымды тұлғаның сенімхаты негізінде басқарма атынан сотта және басқа да құқықтық қатынастарда өкілдік ету; басқарма басшысының хаттамалық тапсырмаларын орындау және оның басқарма қызмеркерлерімен орындалуын бақылау; басқарманың құқықтық актілеріне, персоналды басқару қызметіне қатысты есептік ақпараттардың уәкілетті органдарға тапсырылуын қамтамасыз ету; басқарма және басқармаға қарасты «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлерінің бірлескен қоғамдық шараларын, сенбіліктерін ұйымдастыру; төтенше жағдайлардың алдын алу, мемлекеттік органның жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау жөніндегі ісшараларды қамтамасыз ету; бөлім қызметкерлерінің жұмысын бақылау; қоғамдық қабылдаулар жүргізу. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі
-
87471177317