Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының стратегия және мониторинг бөлімінің бас маманы, индекс: ОСИМ-4

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Жалпы медицина
  • Құқықтану

Қосымша талаптар

заң кеңесшісі және/немесе жалпы дәрігерлік практика

Функционалды міндеттер

3.1. Бөлім басшысына бағынады және денсаулық сақтау басқармасында құпиялылық режимін, құпия іс жүргізуді, жұмылдыру жұмысын қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады және жауапты болады; 3.2. құпиялылық режимін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарымен, ҚР Президентінің жарлықтарымен, ҚР Үкіметінің қаулыларымен, облыс әкімінің шешімдерімен және өкімдерімен уақтылы танысуды қамтамасыз етеді; 3.3. жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз етеді; 3.4. жұмылдыру жарияланған кезде ҚР Жергілікті атқарушы органдарымен өзара ісқимылда басқаруды әскери жағдай режиміне көшіру жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді; 3.5. жұмылдыру тапсырмалары мен ісшараларын орындаудың қажетті шарттарын айқындайды; 3.6. құпиялылық режимін қамтамасыз ету және құпия іс жүргізуді ұйымдастыру үшін басшылық алдында дербес жауапты болады, МҚАК қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын жасайды және олардың функционалдық міндеттерін, өкілеттіктерін айқындайды; 3.7. құпиялылық режимін, құпия іс жүргізуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестер дайындауды қамтамасыз етеді 3.8. мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері бойынша орындаушыларға арналған ісшараларды, нұсқаулықтар мен жадынамаларды әзірлеуге басшылық етеді; 3.9. құпиялылық режимін бұзушылықтарды есепке алуды және талдауды жүргізеді, ерекше маңыздылыққа, өте құпия және құпия мәліметтерге жіберуге ресімделуге жататын қызметкерлер лауазымдарының номенклатурасында айқындалған адамдарды өте құпия және құпия істерге жіберудің заңдылығын бақылайды; 3.10. Ұлттық қауіпсіздік органдарын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органын құпия құжаттардың жоғалған жағдайлары туралы, сондай-ақ құпия мәліметтердің жария етілгені туралы хабардар етеді; 3.11. құпия мәліметтердің ағып кетуінің ықтимал арналарын анықтау және жабу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, құпиялылық режимінің бұзылуын есепке алуды және талдауды жүргізеді; 3.12. мемлекеттік құпияларды техникалық арналар арқылы ықтимал ағып кетуден қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және жүргізеді; 3.13. белгіленген құпиялылық режимін бұзуға жол берген адамдарды құпия жұмыстардан шеттету немесе тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы Басқарма басшылығына ұсыныс енгізеді; 3.14. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның жұмысына қатысады; 3.15. басқарма басшылығына кіріс құпия хат-хабарларды баяндайды, Шығыс құпия құжаттарды, сондай-ақ Көбеюге арналған құжаттарды тексереді және бұрыштама қояды; басшылықтың қарарына сәйкес орындаушыларды келіп түскен құжаттармен уақтылы таныстырады; 3.16. құпиялылық режимін қамтамасыз ету бойынша жекелеген мәселелерді шешу бойынша ағымдағы және перспективалық жоспарларды, сондай-ақ іс-шаралар жоспарларын әзірлейді; 3.17. құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жылдық есепті дайындауды жүзеге асырады; 3.18. құпия құжаттарды, практикалық  маңыздылығын жоғалтқан істерді Бағалау жөніндегі Сараптамалық комиссияның жұмысына қатысады және оларды жоюға қатысады; 3.19. өткізу бланкілерін, мөрлер мен мөртабандарды, сондай-ақ металл және мастикалық мөрлерді дайындауды, есепке алуды, сақтауды, беруді және пайдалануды бақылауды жүзеге асырады; 3.20. өткізу және объектішілік режимді, режимдік үй-жайларды, құпия құжаттарды сақтауды қамтамасыз етуге қатысады; 3.21. басқармада жабық кеңестер, отырыстар өткізу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету мәселелері бойынша нұсқаулықтар мен жадынамалар әзірлейді; 3.22. құжаттардың құпиялылық дәрежелерін (грифтерін) уақтылы құпияландыру, дұрыс анықтау және өзгерту бойынша жұмыстар жүргізеді; 3.23. өте құпия және құпия мәліметтерге рұқсат беру үшін ресімделуге жататын қызметкерлер лауазымдарының номенклатурасын, сондай-ақ құпия жұмыстарды жүргізуге рұқсат етілген режимдік бөлімшелер мен үй-жайлардың тізбесін әзірлейді; 3.24. адамдарды құпия мәліметтерге жіберуді ресімдейді, олардың қолданылу мерзімдерін бақылайды, рұқсаттарды ресімдеу және қайта ресімдеу үшін материалдарды уақтылы ұсынады; 3.25. арнайы тексерулер (мемлекеттік құпияларға рұқсат беру)істерін қалыптастырады; 3.26. арнайы сейфтер мен металл шкафтардың, сондай-ақ олардың кілттерінің есебін ұйымдастырады; 3.27. өте құпия және құпия істердің номенклатурасын әзірлейді, оны жүргізу мен сақтаудың дұрыстығын бақылайды; 3.28. бекітілген номенклатураға сәйкес іс жүргізумен аяқталған құжаттарды тігеді, қалыптастырады; 3.29. жылдық есеп үшін құпиялылық режимін сипаттайтын статистикалық деректерді дайындауды жүзеге асырады; 3.30. кіріс құжаттарды қабылдайды және тіркейді және олардың уақтылы орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді; 3.31. құпиялылық режимін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңдарының, ҚР Президенті Жарлықтарының, ҚР Үкіметі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.03.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.03.2024 – 20.03.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87471177317