Алматы облысының құрылыс басқармасының әлеуметтік сала бойынша объект құрлысы бөлімінің бас маманы, индекс: ОСОСС-4

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Сәулет
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Құрылыс
  • Жобаны басқару
  • Экономика және менеджмент

Қосымша талаптар

техника және технологиялар және/немесе құрылыста басқаруды ұйымдастыру және/немесе экономика және құрылысты ұйымдастыру 

Функционалды міндеттер

Басқарма басшысына, басқарма басшысының орынбасарларына және тікелей бөлім басшысына бағынады қаржыландыру жоспарына енгізілетін өзгертулер бойынша өтінімдер дайындайды және өзгерістер енгізеді; білім беру нысандары бойынша мониторингтік есеп әзірлейді; бөлінген қаржылардың игерілуі жайлы аудан және қала әкімдіктерінен (құрылыс бөлімдері) мәлімет жинайды;барлық қаржыландыру көздері есебінен, оның ішінде Жол картасы бағдарламасы бойынша білім беру нысандарын салуға практикалық көмек көрсету бойынша өңірлермен жұмыс атқарады; республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру нысандарының пайдаланысқа өткізілуі, бюджеттен бөлінген қаржылардың уақытылы игерілуі және құрылыс жұмыстарының жүргізілу қарқынын қадағалау, құрылыссбарысында жұмыссыздарға жұмыс орнын ұйымдастыру бойынша облыстық білім беру, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларына мониторингтік есеп береді; республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру нысандарының пайдаланысқа өткізілуі, бюджеттен бөлінген қаржылардың уақытылы игерілуі және құрылыссбарысында жұмыссыздарға жұмыс орнын ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігіне, сонымен қатар «Аманат» партиясына есеп береді; барлық көздерден қаржыландырылған (оның ішінде бюджеттен, жол картасы және МЖӘ) білім беру нысандарының жоспарлы мерзімде пайдалануға өткізілуін қадағалайды; жыл соңында білім беру нысандары бойынша атқарылған құрылыс жұмыстары мен бөлінген қаржылардың игерілуі бойынша талқылау жүргізеді; мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша хаттама негізінде келісім-шарттардың жобаларын әзірлеуді, білім беру нысандарының құрылыс жұмыстарына келісім-шарттардың уақытылы жасалуын, екі тараппен қол қоюды қамтамасыз етеді, негізгі және қосымша келісім-шарттардың уақытылы жасалуын қадағалайды және кепілдікке берілген ақшалай жарна түрінде немесе мердігердің банктік кепілдік түрінде 3% мөлшерінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуде уақытылы енгізуді орындайды;білім беру нысандарының құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат қағаздарын рәсімдейді, аудан және қала әкімдіктеріндегі құрылыс нысандарына паспорт құжаттарының рәсімделуін қадағалайды; құрылыс жұмыстарына конкурс өткізуге құжаттар дайындайды, ағымдағы жылға бөлінген қаржыға есептер жасау, жүргізілу мерзімін есептеу, «Ашық бюджет» интернетпорталын толтыру жөніндегі іс-жоспарының орындалуы туралы ақпаратты дайындайды; құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде туындаған сұрақтарды шешуге ат салысу (бұрын алынған техникалық шарттарды, толықтыру, өзгеріс енгізу) жоспарланған білім беру нысандарына конкурс өткізуге өтінімдер даярлау және мемлекеттік сатып алу жоспарларына өзгерістер енгізу, бөлінген қаржылардың уақтылы игерілуін қадағалау, тексеру мекемелерімен (МСҚББ, авторлық және техникалық қадағалау мекемелері) берілген ескертулердің уақтылы түзетілуін және нысандардың жоспарлы мерзімде пайдаланысқа өткізілуін қадағалау;құрылыс жұмыстарына және техникалық қадағалау қызметіне өткізіліп жатқан конкурстардың жүргізілу мерзімдерін қадағалайды, мәліметтерді жинайды; білім беру нысандарының құрылыс жұмыстары бойынша слайд, стендттер дайындайды;білім беру нысандарының құрылыс жұмыстары бойынша техникалық жиналыстардың өткізілуін қадағалайды, телефонограммалар дайындайды, қатысушылардың тізімін реттейді, жиналыстарға қатысты мәтіндік, кестелік мәліметтерді әзірлейді, көтерілетін сұрақтарды пысықтап, хаттамалар жүргізуді қамтамасыз етеді; құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан білім беру нысандары бойынша орындалған жұмыстардың актілерін (№2 формасы, №3 анықтама), орындалған жұмыстардың көрсетілген құндарының көлемдерінің сметамен сәйкестігін тексереді, отандық өнімдерді пайдалану туралы есептерді тексереді және қабылдайды; аудан және қала әкімдіктері (құрылыс бөлімдері), техникалық және авторлық қадағалау қызметкерлерімен бірлесе отырып, құрылыс нысандарын аралап, жүргізу кестесіне сәйкестігін және жүргізілген жұмыстардың сапасын, құрылымдардың жобаға сәйкестігін тексереді (өткізілген актіге сәйкес); күрделі, ірі нысандар бойынша туындаған мәселелерді шешуге қатысады, облыстағы білім беру нысандарына паспорттар дайындау туралы есептер, отандық өнімдердің қолданылуы туралы, мемлекеттік сатып алу бойынша есептер әзірлейді;бөлімнің мемлекеттік сатып алу жұмыстары бойынша жылдық жоспарын әзірлейді, мәслихаттың шешіміне сәйкес түзетулер енгізеді;тоқсан сайын білім беру нысандары бойынша бөліммен атқарылған жұмыстар туралы, құрылыс және жобалау жұмыстарының барысы мен қаржылардың игерілуі туралы есептер әзірлеп, талдау жүргізеді;басқарманың басқа функцияларына, қажет болған жағдайда өзге жұмыстары мен қоғамдық шараларына қатысады;Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген мемлекеттік қызметшілердің өзге де міндеттері. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.03.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.03.2024 – 13.03.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87471177317