Алматы облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының тауарлар мен қызмет атқаруларды мемлекеттік сатып алу бөлімінің жетекші маманы (негізгі қызметкердің 20.10.2024 ж. дейін бала күту демалысында болуына сәйкес), индекс: ОТИГУ-4

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-5 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-5 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі, осы Үлгілік біліктілік талаптарының 9-тармағына сәйкес жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі;

Мамандығы

  • Құқық
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Жобаны басқару
  • Экономика және менеджмент

Қосымша талаптар

экономика, бухгалтерлік есеп және аудит

Функционалды міндеттер

Қарауға келіп түскен Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілері мен тапсырмаларын, Алматы облысы әкімдігінің, басқарма басшылығының тапсырмаларын белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындау. Бөлімнің, Басқарманың жұмыс жоспарларын іске асыруға қатысу. Комиссияның мүшесі, хатшысы ретінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық/аукциондық комиссияның жұмысына қатысу. Тауарлар мен қызмет атқаруларды мемлекеттік сатып алу рәсімдерін уақтылы және заңды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алу процесін жақсарту және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстар енгізу; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін құзыреті шегінде қарау, оларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауаптар беру. Бөлімнің, Басқарманың құзыреті шегінде кіріс хаттарды, тапсырмаларды, бекітулерді қарау оларға жауаптарды ұсыну; Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді, сондай-ақ ішкі тәртіп ережелерін сақтау. Қазақстан Республикасының заңнамасына, Басқарма басшылығының тапсырмаларына сәйкес өзге де міндеттерді орындау. «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 01.03.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.03.2024 – 13.03.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная 16/4 көшесі

Анықтама алу үшін байланыс

87471177317