Алматы облысы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және ТҚК қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы, индекс: ОПРСПОИОДА-1
Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысы
380391
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-5, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
4) кеңесші және көмекші лауазымдарына жұмыс тәжірибесі қажет емес.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
Қосымша талаптар
азаматтық құқық және/немесе заң кеңесшісі
Функционалды міндеттер
Бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. Барлық деңгейдегі атқарушы билік органдарымен, құқық қорғау және арнайы органдарымен өзара іс-қимыл жасайды,олардан облыс әкімдігі мен облыс әкімі актілерінің жобаларын, облыстағы әлеуметтікэкономикалық саясатты қалыптастыратын тұжымырымдамалар мен болжамдарды дайындау үшін ақпарат алады. Алматы облысының аумағында облыс әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия шеңберінде терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді,ТҚК аппараты басшыларының функцияларын орындайды,оның қызметін ұйымдастырады. Алматы облысының аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарыс ісқимыл, құқық бұзушылықтардың алдын-алу, кәмелетке толмағандардың істері және әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді, тиісті ведомствоаралық комиссиялардың шеңберінде олардың қызметін ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. «А» - функционалдық блогы.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4
-
87471177317