Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұлттық архив қорын пайдалану, ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттауды бақылау бөлімінің бас маманы, индексі:04-4

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

243697

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Тарих
  • Қазақ тілі мен әдебиеті
  • Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті
  • Құқықтану
  • Саясаттану
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
  • Мәдени-тынығу жұмысы
  • Кітапхана ісі
  • Қаржы

Қосымша талаптар

іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану және/немесе кітапханатану және библиография

Функционалды міндеттер

Облыс        аумағында архив ісін,   құжаттау    мен құжаттаманы басқару     саласында мемлекеттік саясатты, бағдарламаларды іске асырады; Басқарманың іс жүргізілуі жұмыстарын: кіріс-шығыс хаттарының уақытылы тіркелуін, уақыты белгіленген,         шұғыл        және ҚБПҮ хаттарының уақытылы орындалуын бақылау, ұйымдастыру; «Е-өтініш» порталы арқылы      келіп түскен хаттардың уақытылы         орындалуын бақылау, жұмысын    ұйымдастыру. ҚР Президент Әкімшілігіне, Прокуратураға, облыс әкімдігіне есеп беру; «Бұлттық электрондық құжат айналымы» жүйесінде құжат айналымына жауапты, кіріс-шығыс құжаттары бойынша облыстық Тілдерді дамыту басқармасына тоқсандық, жылдық есеп тапсырады; Архив мекемелері дайындаған құжаттар жинақтарын, күнтізбелерді, тақырыптық топтамаларды        т.б. құжаттарды дайындауды ұйымдастыру; Облыс архивистері дайындаған құжаттар жинағын, анықтамалықтарды, мақалаларды  редакциялау, конференциялар өткізу жұмыстарын ұйымдастыру; Алматы облысының мемлекеттік архивінің  жинақтау         көздері болып табылатын мекемелеріне ғылыми-әдістемелік, кеңестік және тәжірибелік көмек береді;  Алматы облысы бойынша мемлекеттік және келісім бойынша мемлекеттік емес мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындардың іс жүргізумен ведомстволық архив    жұмыстарына ғылыми- әдістемелік кеңестік және тәжірибелік көмек береді; Алматы облысы әкімдігінен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінен келген бөлімге қатысты тапсырмаларды орындайды; Бөлімнің негізгі бағыттары бойынша есеп беру жұмысын жүргізеді; "Е-архив" ақпараттық жүйесінің жұмысын ұйымдастырады және жүргізеді; Басқармаға қарасты «Алматы облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аудандық, қалалық филиалдарына тәлімгерлік жұмысын атқарады; Басқармаға қарасты мекемелер мен кәсіпорындардың жұмысын кешенді, тақырыптық, жоспарлы, бақылау тексерулерін жүзеге асырады.  «В» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.12.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.12.2023 – 25.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87471177317