Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жолаушы көлігі бөлімінің бас маманы, индекс: 02-01-3

Мемлекеттік орган

Алматы облысының әкімдігі

Аймақ

Алматы облысы

Санат

D-О-4 санаты

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім

Мамандығы

  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Көлік құрылысы
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Логистика (сала бойынша)

Функционалды міндеттер

Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдауда көліктік үрдісті жетілдіру бойынша тасымалдаушылардың ұсыныстарының өз уақытында қаралуын жүзеге асырады. Автомобильмен жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру бойынша нормативтік құжаттарды әзірлейді. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауды, оның iшiнде ауданiшiлiк және ауылдық тасымалдауларды дамыту бағдарламасын әзірлеуге құжаттар дайындайды. Жаңа бағыттар ашу немесе әрекеттегі бағыттарды өзгерту үшін құжаттамалар дайындауды іске асырады. Жолаушылар мен багажды тасымалдау жөніндегі қызметтерге конкурстық құжаттамаларды дайындайды және өткізуге қатысады, әрі конкурстың заңды болуына жауапты. Автомобиль көлiгi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады. Жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн қадағалайды. Автовокзалдар (автостанциялар) мен жолаушыларды тасымалдау әрекеті туралы басшылыққа баяндама үшін ақпараттар дайындайды. Жеке және заңды тұлғалардың автомобиль көлiгi қызметi мәселелерi жөнiндегi өтiнiштерiн қарауға және олар бойынша тиiстi шаралар қолданады. Кіріс және шығыс құжаттарды уақытылы орындап, жауабын дайындайды. Мемлекеттік тілді білу, компьютерде Word, Excel т.б бағдарламаларында жұмыс істей білу. Сот процестеріне қатысу.  «А» - функционалдық блогы.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 13.12.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

14.12.2023 – 25.12.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Алматы облысы, Қонаев қаласы, Индустриальная көшесі 16/4

Анықтама алу үшін байланыс

87471177317